Архив событий

10/09/2014

Сот залынан

10/09/2014

Сотталушы Б. мас күйінде, Көксу ауданы Балпық би кенті, жәбірленуші К. балағаттап, жерде жатқан тасты алып жәбірленуші К. қарай лақтырып, тас соңғының басына тиген, одан кейін араға түскен жәбірленуші К. тағы балағаттап оның қолынан ұстап алып, жолдың шетінде итеріп жіберген кезде соңғы ағаш столбыға барып соғылып, жерге құлаған.

Жеке адамға қарсы қылмыс

10/09/2014

2014 жылдың 27 тамыз күні сағат 20.30 шамасында Ушарал-Ақтүбек жолында, «Данияр» дүкені жанында пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлап өз бас пайдасына асыру мақсатында,оның іс-әрекетін ешкім көрмей тұрғанын анықтап, З-нің қара түсті «Урал» маркілі велосипедін жасырын түрде ұрлап кетеді. Осы іс-әрекеттерімен Д. жәбірленушіге жалпы құны 10 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтіріп, ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыс жасады.

Сот залынан

10/09/2014

Есірткі заңсыз айналымы көбінесе сырт көзден таса. Ал әйел азаматшалар есірткі айналымымен айналысқан кезде оны байқау одан да қиын. Әйелдер келбетінен, өзін өзі ұстауынан көбіне жат қылық байқалмайды. Олардың табиғи икемділігі оларға көмегін тигізеді. Сол себепті олар көбіне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзіне түсе бермейді. Алайда қылмысты қанша жасырсан да бәрібір ол үшін бір күні жауапқа тартыласын бұл өмір шындығы. Мысалы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Талдықорған қаласының тұрғыны азаматша сотталды.

29 жалған рұқсат

10/09/2014

Қазақстанда қаруды сатып алуға және алып жүруге рұқсат алу оңай шаруа емес екендігі ешкімге де  құпия емес.  Бұл үшін біріншіден, қаруды сатып алушы, кейіннен пайдаланушы адам қажетті дәрігерлік анықтамаларды жинап, одан кейін өзінің есінің  дұрыс, алкоголдік және есірткі заттарға құмартушылығы жоқ, көзі  жақсы көретіндігін ішкі істер органының арызды қарайтын уәкілетті инспекторына дәлелдейді. Онымен қоса, инспектор ол адамның Қазақстан Республикасы азаматы екендігін дәлелдейтін құжаттарын, қаруды қолданылуға қатысты  қауіпсіздік ережесі бойынша білімін тексереді.