Жаңалықтар

Есірткі заттарының заңсыз айналымы

25/02/2014

Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, тасымалдау және сақтаудын ерекше қоғамдық қауіптілігі, осы қылмыстардың пайдакүнемдік мақсатта жасалып, бірінші кезекте халық денсаулығына қарсы бағытталуынан және құқықтық тұрақтылық пен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жай күйге кері әсерін тигізетіндігінен көрініс табады.

Қоқыс тастағаны үшін - айыппұл салынды

24/02/2014

Кербұлақ аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБК-ң 330 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылған Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. Сарыөзек кентінде орналасқан  Мәдениет үйінің тұсында бір бөтелке сыра ішіп, бос бөтелкені жол жиегіне лақтырып жіберген, яғни белгіленбеген орынға тастаған.

Б-ға. сот қаулысымен ӘҚБК-ң 330 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - 5193 теңге айыппұл салынды.

Сот қауымдастығы тағайындалған судьялармен таныстырылды

21/02/2014

2014 жылғы 21 ақпанда  Талдықорған қалалық сотының ғимаратында облыстық соттың судьяларының қатысуымен, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың төрағалық етуімен пленарлық отырыс өтті.

Отырысқа облыс әкімі А.М Мұсаханов, облыс прокуроры Ғ.Т Миразов, ІІД бастығы М.Ж.Үрімханов, Алматы облысының мәслихат хатшысы Е.А. Келмсейіт және БАҚ өкілдері шақырылды.

Қоқыс тастағаны үшін, үш тәулікке қамауға алынды

20/02/2014

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылған, В-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

 Іс материалдарына сәйкес, азамат В. балаларға арналған алаңға, яғни қоғамдық орынға сыра бөтелкесін тастап, ортақ пайдалану орынды қорлаған.

 Өзінің іс-әрекетімен, В. ҚР ӘҚБ туралы Кодексiнiң 330 бабының 1 бөлігіңде көрсетілген ұсақ бұзақылықты жасаған.

Қаратал ауданы тұрғынының жұмыс жасаған мерзімі сот арқылы анықталды

19/02/2014

Арызданушы зейнеткерлікке шығатын уақыты жақындағанына байланысты Қаратал аудандық сотына жүгініп, 1977 - 1991 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасаған уақытының заңды маңызы бар фактісін анықтап беруді сұраған.

Сот отырысында ол өзінің талап арызын қолдап, көрсеткен деректерді анықтау оған зейнетақы ресімдеуге құқық беретін заңдылық маңызы бар екенін көрсетті.

Сот арыз берушіні тыңдап, ЗМТО өкілін, куәлерді, істегі құжаттарды зерделеп, ұсынылған айғақтарды бағалап, арыз берушінің талаптары негізді деп танып, оның арызын қанағаттандырды.

Меншікке қарсы қылмыс

18/02/2014

Азамат М.  меншікке қарсы қылмысты келесідей жағдайда жасаған:

- азамат М. қасақана, бөтен мүлікті түпкілікті өз жеке басының пайдасына жарату мақсатымен Текелі қаласы,  үйдің  маңынан  өтіп  бара  жатып  ешкімнің  жоқтығын  пайдаланып, жасырын түрде үйдің  терезесін таспен сындырып, заңсыз еніп, сол  үйден бағасы 50 000 теңге  тұратын  «SONY» маркалы фотоаппарат    және бағасы 110 000 мың теңге тұратын алтын сақинаны   ұрлап  алып  кеткен, соның  салдарынан жәбірленуші  азаматша А.-ға  160 000 теңгеге мүліктік залал келтірген. 

Телекоммуникация қызметінің ақысы сот арқылы өндірілді

17/02/2014

Талапкер «Қазақтелеком» АҚ  текелі қаласының тұрғыны Ц-дан  телекоммуникация қызметіне ақы  төлемегенін, сондықтан 20252 теңге  қарыз  болғанын  көрсеткен. Жауапкерге  бірнеше рет  қарызын төлеу  туралы  ескерту қағаз  берілгенмен, осы  уақытқа дейін  қарызын төлемеген. Сотта  талапкер   жауапкерден    20 252 теңге қарызын  және  мемлекеттік  баж  салығы  728 теңгені  өндіруді  сұраған.      

Текелі қалалық сотының шешімі бойынша талапкер  «Қазақтелеком» АҚ-ның  Ц-дан  20 252 теңге  және  728 теңге баж салығын  өндіру туралы талап арызы  қанағаттандырылды.  

Дөңгелек үстел

13/02/2014

Сот қызметінің халық үшін ашық, әрі қолжетімді болуы абзал. Ол үшін бұқаралық арпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату аса маңызды. Осы мақсатта Алматы облысы Талдықорған қалалық сотында «Сот қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Талдықорған қалалық сотының судьялары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Журналисттердің сот жүйесінің ашықтығы, судьялардың мәртебесі, дауларды мәні бойынша шешудегі қиындықтар, сот жүйесіне халық сенімінің  деңгейі қандай деген сауалдар сарапқа салынды.

Адам өмірін қиғандар темір торға тоғытылды

11/02/2014

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. и К. деген азаматтарды Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны А-ның өліміне кінәлі деп тапты.

Іс материалдары бойынша, ішімдік пайдаланып алған М. және К. аталған ауданда сырттай танитын А-ны кездестіріп, соққыға жығып, онымен қоймай, М. пышақпен жәбірленушінің денесіне көптеген пышақ соққыларын келтірген. Оқиға орын алған жерге жеткен Еңбекшіқазақ АІІБ-нің қызметкеріне де пышақ сермеп, қарсылық көрсеткен.   М. мен К-нің әрекеті нәтижесінде алған жарақаттардан А. ауруханаға жетпей қайтыс болған.

Анасын ұрып өлтірген қанышер 7 жылға бас бостандығынан айрылды

10/02/2014

Қаратал аудандық  сотының өндірісінде  Алматы облысы, Қаратал аудандық  прокуратурасынан  келіп түскен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  103 бабы 3 бөлімімен айыпталған В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс-материалдарына сүйенсек,  азамат өзінің үйінде анасымен жанжалдасып, оған қол көтеріп, денсаулығына орташа ауырлықта жарақат келітіреді.

Денесінің ауыр жарақаттарымен  аудандық аурухананың ота бөліміне жеткізілген анасы, аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болады. 

Беттер