Алаяқ жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қапшағай қалалық сотының үкімімен Ж Көптілеуов  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлімінің «Б» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілеумен оған  6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жәбірленушінің  пайдасына 3 352 000 теңге материалдық шыған өндірілді.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, еш жерде жұмыс жасамайтын Ж Көптілеуов, 2007 жылы Қапшағай су қоймасының  демалыс аймағына келгенде,  Г. есімді әйелмен танысады.  Онымен достық қатынаста болып, жиі келіп-кетіп жүреді. Сол күндердің бірінде  ол Г-ның мұраға алған Қапшағай қаласында  бір бөлмелі пәтері бар екенін біліп алады. Осы арада,  оған  Г-ның мүлкін алдау жолымен ұрлау туралы қылмыстық  ниет пайда болады.

Ж Көптілеуов,  Г-ге жиі келіп, оның сеніміне кіру үшін бар күшін салып, жәбірленушімен жанұя құру ниеті бар ғашық еразаматтың рөліне  еніп, оның жасөспірім  баласына қамқорлық жасап, «алдамшыәкелік» ниет туғызады.

Өзінің осы қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін, алаяқ жігіт сатып алушы тауып, пәтерді 22000 АҚШ долларына сатады. Мәмлені нотариус арқылы рәсімдеп, ақшаларын алып екеуі пәтерлеріне қайтып келеді. Ж Көптілеуов  ертеңінде ақшаны алып, Алматы қаласына ізін суытып, жәбірленушінің ақшасын өз қалауынша жұмсайды.

             

                       

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.