Судья дауды медиация тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратал аудандық сотымен Д.Д.Аманбектің жауапкер Д.А.Есимбековтан қарызды өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер әкесінен алимент өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Ол өз талаптарын келесідей түсіндіреді: 2002 жылы ата-аналары ажырасқан, 2014 жылы ол Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бастапқы әскери даярлау факультетіне ақылы негізде түскен, соған байланысты жауапкердің қандай да бір кірісінен алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібінде қол жеткізген келісімді бекіту туралы өтінішті берді, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімшартқа сәйкес, жауапкер 2016 жылғы 30 желтоқсан 2018 жылғы 30 шілде аралығында ай сайын 10 000 теңгеден алимент төлеуге міндеттенеді, ал талапкер өз талабынан бас тартады.

Сот тараптардың өтініштерін қанағаттандырып, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім жасалуына байланысты аталған іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.