Жер учаскесін мәжбүрлеп алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер  «Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің  Алматы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ-сі (бұдан ары Инспекция) өзінің сотқа берген талап арызында, жауапкер азаматша Б. тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін алған жер учаскесі  өтеусіз жеке меншікке берілгенін, жауапкер осы жер учаскесіне еш құрылыс жұмыстарын жүргізбегенін.

Осыған байланысты жауапкерге Инспекция тарапынан бір жыл бұрын жазбаша ескерту жасалғанын, алайда аудандық жер учаскелерін түгендеу  жөніндегі жұмыс тобының жасаған  қортындысына сай азамат Б. өзіне берілген жер учаскесін мақсатына сай игере алмағанын жазып көрсеткен. Осыған байланысты азамат Б.-ға берілген  жер учаскесін мәжбүрлеп алуды сұраған.

Текелі қалалық сотының шешімімен  Инспекциясының талап арызы қанағаттандырылды.