Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 11 қарашада жүргізуші К. мемлекеттік тіркеу нөмерінсіз «Nissan» маркасындағы автокөлікті басқарып, «Үлкен Алматы каналына» қызмет көрсету үшін арналған автожолмен, батыс бағытта қозғалып келе жатып, Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының маңында белгіленген жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзып, қарсы қозғалыстағы жолға шығып кетіп, қарсы шығыс бағытында қозғалып келе жатқан Л. жүргізуші басқарған «Ford» маркасындағы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақымданып, материалдық залал келтірілген.

Еңбекшіқазақ аудандық сот судьясының қаулысымен жол жүрісі қағидаларын қатаң бұзған азамат К. ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ одан, мемлекет кірісіне жүргізілген сот сараптамасына жұмсалған іс жүргізу шығындары өндірілді.