Архив событий

09/01/2017

Сарқан аудандық сотында келушіге құқықтық көмек көрсетілді

09/01/2017

Сарқан аудандық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Осылайша, өткізілген іс-шара барысында сот төрағасы Е.Байболов және сот орындаушысы Д.Тукановтың қатысуымен аудан тұрғыны, ардақты ана, еңбек ардагері Н.Тайлакова сот актілерін орындау туралы сұрақтарымен сотқа жүгінді.

Келушінің қойған сұрақтарына, заңнаманы түсіндірумен кең түрде жауап берілді, ал нақты сұрақтар бойынша заңгерлік кеңеске жүгіну ұсынылды.

Текелі қалалық сотының Ашық есік күні

09/01/2017

Алматы облысының Текелі қалалық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділігін жоғарлату мақсатында кезекті Ашық есік күні өткізілді.

Аталған іс-шараға Текелі қаласының тұрғындары қатысып, соттан тұрғын үй мәселесі және ата-ана құқығынан айыру туралы түсіндірме беруді сұрады. Сот төрағасы Ернар Қасымбеков сот келушілерін қызықтырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріп, сонымен қатар, сотқа талап арызымен дұрыс жүгіну және арызға қандай құжаттарды тіркеу қажет екенін айтып өтті.