Архив событий

16/01/2017

Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу

16/01/2017

Еңбекшіқазақ аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша құқықбұзушы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқықбұзушы М. Есік қаласының автовокзалында, алкогольдік масаң күйде былағат сөздер айтқан, сөйтіп айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, 1 тәулiкке әкiмшiлiк қамаққа алынды.

Жазадан босатылды

16/01/2017

Текелі қалалық сотымен ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Текелі қалалық сотының 2016 жылғы 14 қарашадағы үкімімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, сотталған М.-ға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы Алматы облысы бойынша ҚАЖД Текелі қаласының пробация қызметі бөлімі басшысының ұсынысы қаралды.

Сот төрағасымен азаматтарға түсініктеме берілді

16/01/2017

Көксу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне азаматтардың сенім деңгейін, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.

Аталған іс-шараға Көксу ауданының тұрғындары келді, олар ҚР азаматтығын алу және азаматтарды тіркеу сұрақтары бойынша түсініктеме беруді сұрады.

Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық сотында семинар-жиын өткізілді

16/01/2017

Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық сотымен соттың судьялары мен қызметкерлері, «Алатау Нұры» газетінің бас редакторы А.Г.-В Габсаттарова, сот ғимаратын күзететін «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлерінің қатысуымен «Жергілікті соттардың аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың талаптары» тақырыбына семинар-жиын өткізілді.

Сот төрағасы брифинг өткізді

16/01/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Байжунусов «2016 жылғы сот қызметінің қорытындысы және ағымдағы жылға сот алдына қойылған тапсырмалар» тақырыбына брифинг өткізді. Аталған іс-шараға «Искра Жетысу» газетінің журналисі А.Кенжегулова қатысты.