Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшіқазақ аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша құқықбұзушы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқықбұзушы М. Есік қаласының автовокзалында, алкогольдік масаң күйде былағат сөздер айтқан, сөйтіп айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, 1 тәулiкке әкiмшiлiк қамаққа алынды.