Архив событий

17/01/2017

Сотпен әкімшілік іс қаралды

17/01/2017

Қаратал аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-тің 383-бабы 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А.А.Новосельцевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 9 қаңтарда сағат 15.00 шамасында, «Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ қызметкерлерімен азамат А.А.Новосельцев ұсталды, ол Балқаш көлінің № 5 учаскісінде тыйым салынған құралдарды қоланумен балық аулаған. Ұсталған балықтың жалпы көлемі 45 кг құраған.

Сот төрағасы радиода сөз сөйледі

17/01/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Байжүнісов «Настольжи» радио эфиринде сөз сөйледі.

Сот төрағасы өз сөзінде соттың 2016 жылғы жұмысын қорытындылады, сондай-ақ ағымдағы жылы сот алдына қойылған тапсырмалар туралы айтып өтті. Әрі қарай сот төрағасы соттың статистикасына тоқталып, судьяларымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы айтып, алдыңғы жылмен салыстырғанда жақсарғаннын атап өтті.

Ювеналды сотта Өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар түсіндірілді

17/01/2017

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот судьялары, қызметкерлері, «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жергілікті соттардың аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың талаптары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.