Ювеналды сотта Өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот судьялары, қызметкерлері, «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жергілікті соттардың аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың талаптары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы Б.Тұрлыбеков қатысушыларды «Жергілікті соттардың аумағында және ғимараттарында сот жүйесінің судьялары мен қызметкерлері үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың» кейбір сұрақтарымен таныстырды. Сот төрағасы өз сөзінде, соттың ғимаратына БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметтерімен байланысты техникалық құралдарымен БАҚ-қа қатысы барын дәлелдейтін құжаттары болғанда ғана кіруге рұқсат берілетінін түсіндірді. БАҚ өкілдерінің сот отырыстарына техникалық құралдарын (бейнекамера, диктофондар, смартфондар, планшеттер және т.б.) қолдану мәселесі іс бойынша төрағалық етуші судьямен, сот отырысында іске қатысатын тұлғалардың пікірін есепке ала отырып шешіледі.

Кездесу барысында дөңгелек үстел қатысушылары қойған сұрақтарына жауап алып, өткізілген түсіндіру жұмысы үшін алғыс айтты.