Архив событий

10/01/2017

Сот ғимаратына рұқсатнамамен кіру тәртібі бойынша семинар-кеңес өтті

10/01/2017

Алматы облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.Темірбеков «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ взвод командирі аға лейтенант И.Нурмухаш, басқарма қызметкерлері, аудандық соттың сот приставтары қатысуымен «Жергілікті соттардың аумақтарында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың талаптары» тақырыбына семинар-кеңес өткізді.

Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

10/01/2017

Қаратал аудандық сотымен №22 пойыз жолаушысына қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2016 жылғы 18 желтоқсанда шамамен сағат түнгі 1-де №5 вагон тамбурында табиғи қажеттілігін атқарған, сөйтіп қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Іс жүргізудегі мемлекеттік тіл

10/01/2017

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында «Іс жүргізудегі мемлекеттік тіл» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Б.Темірбеков, судья Д.Турехулов, кеңсе меңгерушісі Б.Ордашева, сондай-ақ сот мамандары қатысты.

Ескелді аудандық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

10/01/2017

Ескелді аудандық сотында судьялар С.Сапажанова-Джелдогутова, М.Жукенов, Ескелді ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Д.Каптагаев, Ескелді аудандық прокуратурасының прокурор орынбасары Н.Ерменбеков, Ескелді ауданының аймақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы М.Караченцева, жеке сот орындаушысы Ж.Жолбосынов және сот мамандарының қатысуымен «Сот актілерін орындау» тақырыбына семинар өткізілді.