Бұған дейін де бір мәрте сотты болып үлгерген қандықол, 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Алматы қаласында адам тасымалдаумен айналысып жүріп, жолаушы қыздарға шабуыл жасап, нәпсіқұмарлық әрекетінен соң олардың өмірін қиған 29 жастағы ер адамға қатысты үкім жарияланды.
Қандықолдың тұзағына түскен екі бойжеткеннің бірі аман қалып, ал екіншісі алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, сотталушы 2013 жылдың 13 шілдеге қараған түні жұмыстан кеш шығып, Алматы маңайында орналасқан елді мекендердің біріне жолшыбай көлік тоқтатып тұрған жәбірленушіні көлігіне отырғызып, айтқан жеріне апаруға келіскен болып, оны қала сыртында адам жоқ жерге алып барып, соққыға жығып, жеке заттарын тартып алып, нәпсіқұмарлық әрекеттер жасаған. Артынша қылмысын жасырмақ болып, жәбірленушіні тоғанға ағын суға лақтырып жіберген. Алайда жәбірленуші аман қалған.
Сотталушы 2013 жылдың 6 тамызына қараған түні бірінші жасаған қылмысына ұқсас кезекті әрекет жасаған. Осы жолы да ол кешеулдеп көлік тоқтатып тұрған келіншекті өз автокөлігіне алдап отырғызып қала сыртына алып барып зорламақ болған. Алайда жәбірленуші белсенді қарсылық көрсеткендіктен, ол әрекетін аяғына дейін жеткізе алмайтындығына көзі жеткен соң, жәбірленушіге пышақпен соққы жасап өлтіріп, оқиға орнында тастап кеткен.
Сот үкімімен Алматы облысының тұрғыны жоғарыда аталған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтейтін болады.
Үкім күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
насильник