Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен даулардың кейбір санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу жөнінде семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттарда «Даулардың кейбір санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу» туралы пилоттық жобаны іске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бейнебайланыс арқылы отставкадағы судья –неміс сарапшысы М.Штендердің қатысуымен семинар өтті.

Семинар жұмысына Алматы облыстық сотының судьялары: оқу бағдарламаларының үйлестірушісі С.Н.Нұрқасымова, бітімгершілік рәсімдер бойынша үйлестіруші Н.Ж.Жекенова, азаматтық істерді қарайтын облыстық және аудандық соттардың судьялары, аудандық соттардың медиация бойынша үйлестіруші-судьялары, сондай-ақ әкімдіктерде және Достық үйінде ашылған медиация кабинеттерінде медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Пилоттық жобаның мақсаты – бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын медиатордың жәрдемдесуімен дауларды реттеу арқылы жекелеген санаттар бойынша міндетті медиацияны азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Іс-шарада балалар мүддесіндегі даулар, еңбек және мұрагерлік даулар, көршілер арасында туындайтын даулар, мемлекеттік мекемеден көрсетілген қызмет үшін төлеу міндеттемесін, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша жұмысты орындамағанына байланысты соманы өндіріп алу сияқты тақырыптар талқыланды.