Сынақ мерзімінен өткен мемлекеттік қызметкерлер ант тапсырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 Жарлығы негізінде, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

Мемлекеттік қызметке арнайы міндетті тексерудің қанағатты нәтижесіне байланысты тағайындалған келесі қызметкерлер – Алматы облыстық сотының кеңсесі қаржы бөлімінің бас маманы – Ш.Тұмақбаева, Алакөл аудандық сотының кеңсесі жетекші маманы Ж.Б.Амангельдинова, Қапшағай қалалық сотының кеңсесі аға сот приставы Р.О.Жумадилов, жетекші маманы М.Ө.Нагайбаев, Жамбыл аудандық сотының кеңсесі бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.М.Сембаев, Панфилов аудандық сотының жетекші маманы А.Б.Сегизбаева, Қарасай аудандық сотының кеңсесі жетекші маманы А.Б.Кенжеғұл, Талғар аудандық сотының кеңсесі бас маманы А.Е.Джексембекова, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы М.Б.Айдарбекова, Жамбыл аудандық сотының кеңсесі бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Ж.Адил, Талдықорған қалалық сотының кеңсесі бас маманы Е.Нұржанұлы, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Р.М.Махина,  Кербұлақ аудандық сотының кеңсесі аға сот приставы Б.К.Мыятбеков 2014 жылы сәуір айының 01-і күні сағат 15.00-де Талдықорған қалалық сотының конференц залында салтанатты түрде ант тапсырды.