Архив событий

04/10/2016

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

04/10/2016

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық соты медияция тәртібімен бітімгершілік келісімді мақұлдады.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес, талапкер қарызды өндіріп алу мәселесі жөнінде жауапкерге талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талапкер «Қазақтелеком» АҚ жауапкер М.-нан телекоммуникациалық қызмет көрсеткені үшін 24775 теңге көлеміндегі қарызын өндіру туралы сотқа талаппен жүгінгені сотпен анықталды.

Сот iсiн жүргiзу барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім ұсынды.

Судья балалар үйінде дөңгелек үстел өткізді

04/10/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы М.Тоқтагулова ақыл-есі кем балаларға арналған «Қамқор» балалар үйінде «Мүгедектердің құқықтары туралы конвецияны ратификациялау туралы» тақырыпта балалар үйінде дөңгелек үстел өткізді. Шараға балалар үйінің мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты.

М. Тоқтагулова сөз сөйлеген кезде мүгедектердің құқықтары туралы конвеция 2006 жылдың 13 желтоқсанында Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданғанын айтты.

Сот қылмыстық істі тоқтатты

04/10/2016

Кербұлақ ауданының №2 аудандық соты А-қа қатысты бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен қылмыстық істі қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы қасақана, бөтен біреудің мүлкін өзінің жеке бас пайдасына қайтарымсыз жарату мақсатында, Қоғалы ауылындағы Б-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп, асханалық темір үстелді ұрлап кетіп, жалпы құны 40 000 теңге залал келтірген.   

Сот талап арызды қанағаттандырды

04/10/2016

Текелі қалалық сотымен талапкер С.-ның жауапкер «Текелі қаласы Әкімінің аппаратына» қатысты мемлекеттік мекемесіне мұраны қабылдау үшін мерзімін қалпына келтіру және мұраны қабылдады деп тану туралы талап арызы жөнінде азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талаптарында талапкер ол туған туыстарының өлімінен кейін жер телімі мен үйіне мұра ашылғанын көрсеткен. Алайда ол мұра берушілердің қайтыс болғаны туралы білмеген және жоғалған құжаттарды қалпына келтіруіне байланысты дәлелді себептерімен мұраны қабылдау үшін заңдық мерзімді өткізіп алған.