Архив событий

21/10/2016

Сот мемлекеттік органға тұрғын-үйді жалға алу келісім-шартын жасауды міндеттеді

21/10/2016

Текелі қалалық сотымен арызданушы Н.-ның «Текелі қаласының Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-не мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

21/10/2016

Көксу аудандық сотында Прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Көксу ауданының прокуроры И.С.Бескемпиров, Көксу ауданының пробация қызметі бөлім басшысының м.а. Н.А.Кресов, жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Д.Мустабеков, учаскелік полиция инспекторлары Е.Б.Керимбеков, С.Т.Тумабеков қатысты.

Талдықорған мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

21/10/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот төрағасы Н.Е.Қарабаевта Текелі қаласының тұрғыны қабылдауда болып, жерді жалға алудың келісім-шартының мерзімін ұзарту тәртібін түсіндіру сұрақтарымен жүгінді.

Сот төрағасы заңнаманы түсіндіру бойынша жан-жақты жауаптар берді.

Сот мұрағатына істерді тапсыру және сақтау тәртібі

21/10/2016

Текелі қалалық сотының төрағасымен бекітілген "Мұрағат жұмысы туралы" жоспарына байланысты, Текелі қалалық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен "Сот мұрағатына істерді тапсыру және сақтау тәртібі" тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

Түгендеу барысына жетіспеген сома өндіріп алынды

21/10/2016

Талғар аудандық сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде талапкер «Завод Металл Профиль» ЖШС-нің жауапкер Ю-дан соманы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын 2015 жылы 25 қыркүйекте жауапкер Ю. «Завод Металл Профиль» ЖШС-не дайын өнімдерді беру бөлімінің менеджері болып жұмысқа қабылданып, 2015 жылы 3 қарашада кассир қызметіне ауыстырылған және ақшалай қаражаттарды түгендеу кезде материалдық-жауапты тұлға жауапкер Ю.-дың кассасынан ақша қаражаттарының жетіспеушілігі анықталғандығын түсіндірді.

Сотта 2016 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

21/10/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Жетісу» телеарнасының тілшілерімен 2016 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы Н.Е.Қарабаев қаралған істер бойынша келесі статистикалық мәліметтерді атап өтті: 2016 жылдың 9 айында сотқа 1951 әкімшілік іс, оның ішінде тұрақты тұрғылықты жері жоқ және құжаттары мен жеке куәлігі жоқ санкциялауға - 171 материал, ҚР ӘҚБтК 44,45- тарауымен барлығы 185 әкімшілік іс түскен.

Жәбірленуші сотталушыны кешірді

21/10/2016

Текелі қалалық соты бөтеннің мүлкін ұрлаған Л.-қа қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес сотталушы, жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен және оның «Samsung Galaxy Star-2 plus» маркалы ұялы телефоның жасырын түрде ұрлап алып кеткен.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, ал жәбірленуші келтірілген залалдың толықтай өтелуіне байланысты, сотталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.