Архив событий

18/10/2016

Қарасай аудандық сотындағы дөңгелек үстел

18/10/2016

Қарасай аудандық сотында судьялардың, әкімшілік, әділет басқармасы, «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшесі, прокуратура, Қарасай аудандық ІІБ өкілдерінің және Алматы қаласы «Медиация дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестік өкілділігінің директоры басқаруындағы Алматы қалалық медиация орталығы медиаторларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шара еліміздегі медиация институтын дамыту тақырыбына өткізілді.

Мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

18/10/2016

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотымен Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылының орта мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Д.К., мектеп директоры бола отырып, директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының еңбек демалысы уақытында, бұл жұмысты уақытша мектеп күзетшісіне тапсырып, ол үшін 13 000 теңге талап еткен.

Судья-медиатордың қатысуымен дау медиация тәртібінде реттелді

18/10/2016

Көксу аудандық сотында М.П.Саимовтың жауапкер Е.Б.Тоқановқа автокөлікті сатқаны үшін соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талабын 2015 жылғы 28 қазанда жауапкер оған «Volkswagen Passat» маркасындағы автокөлігін сатқанын және сату фактісін 280 000 теңге сомасына жауапкер өз қолымен жазып берген қолхатпен расталатындығын түсіндіреді.

Сотпен оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды

18/10/2016

Текелі қалалық сотымен оңтайландырылған іс жүргізу тәртібінде «Текелі қаласының тұрғын үй-пайдалану кешені» ЖШС-нің Н.-ға қатысты қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын келесідей түсіндіреді: келісім-шарт бойынша ЖШС жауапкер тұратын үйде толық күрделі жөндеу жүргізген, алайда, Н. талапкердің жұмыс ақысын төлемеген.

Сот іс құжаттарын зерттей келе, «Текелі қаласы тұрғын үй-пайдалану кешені» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырды.