Мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотымен Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылының орта мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Д.К., мектеп директоры бола отырып, директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының еңбек демалысы уақытында, бұл жұмысты уақытша мектеп күзетшісіне тапсырып, ол үшін 13 000 теңге талап еткен.

Мектеп күзетшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІБ ОБ-на арызбен жүгінді. Мектеп директоры пара алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен тұтқынға алынды.

Сот үкімімен Д.К. ҚР ҚК-нің 366-бабы 1-бөлігімен (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның ақша түрiнде пара алуы) кінәлі деп танылып, оған параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, 650 000 (алтыжүз елу мың) теңге құрайтын айыппұл салынып, мемлекеттік қызметпен немесе нақты мемлекеттік лауазыммен айналысу құқығынан өмір бойына айырды.