Архив событий

27/10/2016

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану

27/10/2016

Қапшағай қалалық сотының судьясы Ж.Еркінқызы «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ЛА 155/8 мекемесінің басшысы Н.Калиякбаров, арнайы есеп бөлімінің басшысы А.Абдулина, заң кеңесшісі К.С.Дутбаев, ЛА-155/14 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Д.Машимбаев пен арнайы есеп бөлімінің басшысы Ж.Б.Шарманова қатысты.

АІЖО ААЖ бағдарламасымен атқару құжаттарын жолдау бойынша өзекті мәселелер

27/10/2016

Текелі қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Э.С.Мұсабекова сот мамандарының, Текелі қалалық мемлекеттік аға сот орындаушысы А.Т. Умарханов және жеке сот орындаушысы Қ.Сұлтановтың қатысуымен «АІЖО ААЖ бағдарламасымен атқару құжаттарын жолдау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Материалдық шығын өтелді

27/10/2016

Көксу аудандық сотымен талапкер А.Абдуғалидің жауапкер А.Нурбековке ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талабын келесідей түсіндіреді: 2016 жылы 11 шілдеде жауапкер жол жүру ережесін қатаң бұзып, талапкердің автокөлігін соғып кетіп, 1 227 000 теңге материлдық залал келтірілген.

Жауапкер келтірілген материалдық залалды өтеуге міндеттенетіні туралы қол хат жазып берген. Алайда, өз міндеттемесін орындамай, оны орындаудан жалтарып жүр.

Алматы облыстық сотында дөңгелек үстел өтті

27/10/2016

Алматы облыстық сотында «Қазақстан Республикасының сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясы» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық және аудандық соттардың судьялары, прокуратура және әкімшілік өкілдері, адвокаттар, Жетісу мемлекеттік университетінің мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Взвод командирлеріне қатысты үкім шығарылды

27/10/2016

Талғар аудандық сотымен лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланып, қылмыс жасағандары үшін Талғар ауданының ІІБ ЖПҚ-нің взвод командирлері М. және Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот қарсы талап қоюды қанағаттандырды

27/10/2016

Текелі қалалық соты талапкер Д.-тың жауапкер Б.-ға пәтерден шығару туралы талап қою бойынша және талапкер Б.-ның жауапкерлер Д. мен К.-ға пәтерді сатып алу-сату шартын заңсыз деп тану туралы қарсы талап қою бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер Д. өзінің талап арызында, 2016 жылдың тамыз айында Б. атындағы сенімхат бойынша әрекет еткен К.-дан Текелі қаласында орналасқан пәтерді сатып алғанын көрсеткен.

21 жасқа дейінгі тұлғаларға алкоголь өнімін өткізу

27/10/2016

Алматы облысы Ақсу аудандық сотымен 2001 жылы туған кәмелетке толмағанға бір бөтелке сыра түрінде алкоголь өнімін сатып, сонымен ҚР ӘҚБтК-тің 200-бабы 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сатушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабы 4-бөлігі 1-тармағына сәйкес бөлшек саудада алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізуге тыйым салынады.