АІЖО ААЖ бағдарламасымен атқару құжаттарын жолдау бойынша өзекті мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Текелі қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Э.С.Мұсабекова сот мамандарының, Текелі қалалық мемлекеттік аға сот орындаушысы А.Т. Умарханов және жеке сот орындаушысы Қ.Сұлтановтың қатысуымен «АІЖО ААЖ бағдарламасымен атқару құжаттарын жолдау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында: «Сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуіне орай, атқарушы құжаттар, қаулылар, сот актілері және сот бұйрықтары мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына орындауға "Төрелік" ақпараттық жүйесі арқылы, АІЖО ААЖ бағдарламасымен жіберіледі. Осы өзгеріс сот мамандарының жұмысын едәуір жеңілдетті, өйткені атқарушылық құжаттың орындалуы туралы толық мәлімет бірден сот ісінің карточкасында көрінеді»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ, Э.С.Мұсабаева "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес, атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдеріне ерекше назар аударды.

Текелі қаласының жеке сот орындаушысы Қ.Сұлтанов өз сөзінде, атқарушылық құжаттарды орындауға қабылдаудан бас тартудың негізгі себептері мен оларды жою тәсілдерін атап көрсетті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, сот актілерін уақытында орындау үшін өзара жұмыс жоспарын талқылады.