Архив событий

14/07/2016

Құқықбұзушыға қатысты ерекше талап қойылған

14/07/2016

Талғар аудандық соты  К-ға  қатысты  әкімшілік істі қарады.

Сот талқылауы кезінде құқық бұзушы  бұрынғы некедегі жолдасы,  азаматша В-ға қатысты  сыйламаушылық көрсетіп, мас күйінде  былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы Қ кінәсін толығымен мойындап, өкініп, қатаң жазаламауын сұрады.

Талғар аудандық ІІБ басшысынан құқық бұзушы Қ-ның алдағы уақыттағы  іс-әрекетін бақылау мақсатында, азаматаша В-ға   қатысты,  ерекше талап  қою туралы сұраным  түсті. 

Сот төрағасы жұмысшылармен кездесу өткізді

14/07/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.Темірбеков «Жазылбеков и К» командиттік серіктестігінің жұмысшыларымен «Электронды сот ісін жүргізу, сотқа электронды құралдар арқылы жүгіну» тақырыбына кездесу өткізді.

Кездесу аясында сот төрағасы Б.Темірбеков, жиналған жұмысшыларды сот жүйесінде электронды-ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып жатқанын, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолданудың тиімділігін, яғни, кез-келген сотқа талап, өтініштерді осы жүйе арқылы жіберу мүмкін болатынын айтып, қарапайым халыққа пайдалы ақпарат берді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

14/07/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  құқықбұзушы Н-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-Тің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, 2.4.2 тармақтарына сәйкес жол жүрісі қағидаларының бұзғаны бойынша, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Н. әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

Сот дауды (жанжал) сот медиациясы тәртібімен шешу туралы келісім бекітті

14/07/2016

Талғар  аудандық  сотымен дауды (жанжал) сот медиациясы тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді.

Шартқа сәйкес, талапкер жауапкерден қарызды өндіру, дауды (жанжал) сот медиациясы тәртібімен шешу туралы жауапкер өз кезегінде талапкерге 20 күнтізбелік күнде келісімге қол қойғаннан бастап 3 762 000 теңгені өтеу туралы келісімге келді.

Өндірістегі істің тоқтатылуына байланысты дауды (жанжал) сот медиациясы тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.