Архив событий

08/07/2016

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

08/07/2016

Талғар аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Сот талқылауы кезінде, талапкер мен жауапкер 2010 жылдан бастап заңды некеде тұрған. Некеден ортақ кәмелетке толмаған қыздары бар екендігі, сонымен қатар мінез құлықтарының сәйкес келмеуіне байланысты неке қатынастарының тоқтатылғаны, ортақ мүліктің жоқ екендігі анықталған.

Сот талқылауын екі жақ келмеген, алайда іс материалда талапкерден  азаматтық істің оның қатысуынсыз қаралуы туралы және жауапкердің талап арызбен толық келісуі туралы арыздары болған.

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

08/07/2016

Текелі қалалық соты А-ның құжаттарды өткізуге және мүліктің түзімін жасау үшін пәтерге кіргізуге міндеттеуді жүктеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер өзінің талаптарында, ол 2016 жылы 18 мамыр айында  қайтыс болған Г-ның жиені болып табылатынын көрсеткен. Мұраны қабылдау үшін талапкер аталған туысына тиесілі пәтерге келген, бірақ жауапкер пәтердің кілтін иемденіп, оны кіргізбеген және мұра беруші туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттарды бермеген.

«Ұлы Дала» байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды

08/07/2016

Астана қаласы күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңына орай,  4-6- шілде  аралығында «Тіл» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналы «Ұлы дала» халықаралық дарынды балалар байқауын бірінші рет өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты: әр  баланың ойлау қабілетін арттыру, тілін  дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, балалардың  патриотттық сезімін, өз мемлекетіне деген отан сүйгіштік сезімін ояту болып табылады.

«Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар өткізілді

08/07/2016

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары және сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының  және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы бірлескен бұйрығымен бекітілген сот ғимараттарында келушілер үшін  өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары талқыланды.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

08/07/2016

Панфилов аудандық соты ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған М.Рахимовқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот отырысында анықталғандай, М.Рахимов орталық базардың аумағында қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастаған.

Сот қаулысымен М.Рахимов әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.