Архив событий

15/07/2016

«Қабылдау, сақтау және қолданылған құжаттар қоры, Ұлттық мұрағат ведомстволық және жеке мұрағаттар» атты семинар

15/07/2016

Бүгін Ақсу аудандық сотының жетекші маманы мұрағатшы Ж.Қанағатов Ақсу ауданы әкімдігінің ғимаратында Алматы облысының  мемлекеттік архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы» және «Істер номенклатурасы» тақырыптарында өткен семинарға қытысты.

Республика аумағанан шеттетілген қылмыскер

15/07/2016

Қарасай аудандық ІІБ-нің көші-қон полиция қызметкерлерімен Қарасай ауданы бойынша жедел іздестіру шаралары кезінде Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, заңнамада белгіленген ішкі істер органдарына тіркеуден өтпегені үшін ұсталған.

Сот отырысында Т.Лиова кінәсін мойындап, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларында еш туысы, бала-шағасы, зайыбы және жұмысы жоғын,  өзінің жалға алған үйде тұрып жатқанын айтып, жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Дарынды балаларға арналған халықаралық «Ұлы Дала» байқауы

15/07/2016

Астана қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Ұлы Дала» халықаралық дарынды балалар арасында өткен халықаралық байқауына Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотының төрағасының  қызы , 2009 жылы туылған -  Құдабаева Амина Теміржанқызы қатысты.

Амина Теміржанқызы белгілі жазушы шығармашылығында жазылған  Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым»,  Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңдерін оқып, «Тіл» журналының редакция алқасының төрайымы Н.Қарағойшинаның алғыс хатымен марапатталды.