Архив событий

19/07/2016

Сарқан аудандық сотында құқықтық көмек көрсетілді

19/07/2016

Сарқан аудандық сотында  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Байболов халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін арттыру және сот жүйесіне деген  азаматтардың сенім  деңгейін арттыру мақсатында Ашық есік күні өткізді.

Бұл шараға Сарқан қаласының тұрғыны қарызды өндіру туралы азаматтық іс бойынша шығарылған сот шешімінің орындалуы жөнінде туындаған сұрақтармен қатысты.

Қарасай аудандық соты және мамандандырылған күзет қызметкерлерімен семинар - мәжіліс

19/07/2016

Қарасай аудандық сотының ғимаратында судьялар және сот жүйесінің қызметкерлерінің қауісіздігін қамтамасыз ету туралы мәселелері жөнінде семинар-мәжіліс өткізілді.

Аталған шараға  ҚР ІІМ Алматы облыстық  МҚҚБ өкілдері қатысты.  Кездесуде, бақылау-өткізу режимге, қауіпті және тыйым салынған заттарды әкелуге, сондай-ақ , сот приставтары мен күзет қызметкерлерінің арасындағы өзара іс-қимылға қатысты проблемалық сұрақтар талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу

19/07/2016

Ескелді аудандық сотында сот қызметкерлері арасында жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және оған жолын кесу мақсатында «Сыбайлас жемқорлық  қарсы» тақырыбында семинар сабақ  өткізілді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес сот қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары өткізді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында кезекті Ашық есік күн өтті

19/07/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында  халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.

Азаматтық қабылдауды судья М.Бельдикбаев жүргізді.

Судья қабылдауына,  аудан тұрғыны  берешекті және мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындарын өндіріп алу туралы талап қою бойынша сұрақтарымен жүгінді. Азаматтардың қойған сауалына ҚР-ның заң нормаларының талаптарына сай  түсіндірме берілді.  

Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотындығы Ашық есік күні

19/07/2016

Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні»  өткізді.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Шелек ауылы азаматша Асипова Мунавар қайтыс болған фактіні анықтау, Ащыбұлақ ауылының азаматшасы Чаргынова Бубишқа шығарылған сот шешімі мен Шелек ауылының азаматы Жексенов Нұргелді мұра ретінде мүлікті қабылдау сұрақтарымен келді.

Сот төрағасы қойылған сауалдарға заңнама тұрғысынан түсініндір отырып, сұрақтарға тиісті жауап  берді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының жұмыс қорытындысы шығарылды

19/07/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында судьялар мен «Алатау Нұры» және «ЮиТ» тілшілерінің қатысуымен 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша  сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Сот төрайымы В. Тохтарбаева  2016  жылдың 1-ші жарты жылдық бойынша, сот жұмысының қорытындысы жөніндегі статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.