Архив событий

04/07/2016

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарған

04/07/2016

Қаратал аудандық соты  В.А.Кимге  қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдары бойынша, В.А.Ким 2016 жылдың 25 сәуірінде түнгі сағат 00:45 шамасында Үштөбе қаласында автокөлігін  есірткілік мас күйінде басқарғаны анықталды.

Сот отырысында В.А.Ким өз кінәсін  мойындап, хаттамада баяндалған дәлелдерді де  жоққа шығармады.

Сот қаулысымен, В.А. Ким ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін сату

04/07/2016

Қапшағай қалалық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер С.В.Нам кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра отырып, Қапшағай қаласында орналасқан өзінің жеке дүкенінде мемлекеттік сақтау лицензиясы бар бола тұра, жиырма жасар азаматқа бір шөлмек сыра алкоголь өнімін сатқан.

Жамбыл аудандық сотында Ашық есік күні

04/07/2016

Соттың ашықтығын нығайту үшін, қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі деңгейін арттыру үшін Жамбыл аудандық сотында ашық есік күні өтті.

Шараға Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының тұрғыны Ш.Сатыбаева жер дауы туралы талап арыздың жазылуы және сотқа жүгінуге болатыны жайында сұрады.

 Сот төрағасы Е.Үстелбаев түскен сұрақтарға заң талабына сай жауап берді.

Ескелді аудандық сотында семинарлық сабақтар

04/07/2016

Ескелді аудандық сотында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану бойынша сұрақтар» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі аудандық прокуратурасының прокурор көмекшісі Д.Азнағулов, аудандық заң консультациясының адвокаттары Д.Әбдікаримова, Г.Имангалиева және сот мамандары қатысты.