Архив событий

05/07/2016

Студенттердің қатысуымен ашық есік күні өткізілді

05/07/2016

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын арттыру мақсатында Талдықорған қаласындағы орта арнаулы оқу орындарындағы заң факультетінде оқитын студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Қаратал аудандық сотының төрағасы сот ұжымын Астана күнімен құттықтады

05/07/2016

Қаратал аудандық сотының төрағасы Ж.С.Арыстанбеков сот ұжымын келе жатқан Астана күнімен құттықтап, барлық жақсылықтар мен табыстар тіледі.

Сот төрағасы өз сөзінде: «Ең жас және ең дамушы астананың бірі ретінде, Елордамыз Астана. Астана – бұл біздің тәуелсіздігіміздің ең басты жетістіктерінің бірі. Бас қаламыз – еліміздің барлық экономикалық, саяси және әлеуметтік табыстарының жарқын көрсеткіші, қазіргі Қазақстан  халқының әлеуметі мен мүмкіндігінің айқын дәлелі.

Сот талап арызды қанағаттандырды

05/07/2016

                      Сот талап арызды қанағаттандырды

Текелі қалалық соты талапкер П.-ның жауапкер С.-ға қойған пәтерді сату сатып-алу шарттары мәмілесін жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талдықорған қалалық сот төрағасы қызметкерлерді Астана күнімен құттықтады

05/07/2016

Бүгін Талдықорған қалалық сотында сот төрағасы Ж.Сағымбековтың судьялардың және мамандарының қатысуымен Астана күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Өзінің сөзінде Ж.Сағымбеков : «Астана – ол еліміздің мақтанышы, ұлттық идеяның беку символы және Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлшегі деп атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, Астана әлемнің 30 үздік қалаларының қатарына қосылғанын атап өтті. Бұл қала - армандардың, үміттердің және барлық қазақстандықтар болашағының тоғысқан орны болып табылады»,-деп атап өтті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді

05/07/2016

Қаратал аудандық сотымен өзінің асырауына алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, талапкер мен жауапкер 2013 жылдан бастап заңды некеде тұрған. Ортақ некеден бір балалары бар. Борышкермен бірге некеде тура алмады. Өзінің баспанасы жоқ, қолында  жас баламен қалған. Бала 3 жасқа толмағанына байланысты балабақшаға бере алмайтындығын және сол үшін жұмысқа шыға алмайтынғын көрсетіп соттан өзінің асырауына алимент өндіруді сұраған.

Мерекемен құттықтау

05/07/2016

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Тұрлыбеков сот судьялары мен қызметкерлерін келе жатқан «Астана күні» мерекесімен құттықтады.