Архив событий

11/07/2016

Сот кабинеті

11/07/2016

Ақсу аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы халыққа көмек көрсету мақсатында, қойылған қосымша интернетке қосылған компьютерлер орнатылған, сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі арыз өтініштерді жіберуге көмектесетін, жұмыс істеу тәсілін жұмыспен қамтамасыз ету орталығынан, келісім шарт арқылы жұмыс істейтін жас маман көмек көрсетеді.

Әкімшілік іс қаралды

11/07/2016

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Р.Шулановқа қатысты әкімшілік іс қаралды .

 Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Ұзынағаш ауылында, қоғамдық орында шылым шегіп, темекі тұқылын белгіленбеген орынға лақтырып тастаған.

Сот отырысында Р.Шуланов өзінің әрекетіндегі қателіктерін түсініп кінәсін мойындап қатаң жазаламауды сұрады.

Әкімшілік қамауға алынды

11/07/2016

Кербұлақ аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-тің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы С.Григонецқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Григонец өз үйінде алкогольдік масаң күйде анасы И.Григонецқа   сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасының тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен С.Григонец өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С.Григонец көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін 10 тәулікке, әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот медиация тәртібімен бітімгершілік келісім бекітті

11/07/2016

Текелі қалалық соты талапкер «Текелі энергокомплексі» ЖШС-нің жауапкер Р-ға қойған коммуналдық қарызды өндіру талап арызы, азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. 

Азаматтық іс бойынша тараптар дауды өз құқықтарын пайдалана отырып, судьяның қатысуы арқылы медиация тәртібінде дауды реттеуге ниет білдірген. Талапкер өзінің талап-арыз талаптарынан бас тартады. Жауапкер талап қоюшыға коммуналдық қарызын  жылу беру маусымына дейін төлеуге  міндеттенеді.

Көксу аудандық сотында ашық есік күні

11/07/2016

Көксу аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды сот төрағасы Қ.Иманханов қабылдады.

Заңды көмекке, сот істері бойынша талапкер мен жауапкер ретінде қатысушы жеке тұлғалармен қатар қарапайым аудан тұрғындары да жүгінді.

Арыз берушілердің өтініштері негізінен зерттеу арқылы іске асыру мәселелері азаматтық құқықтарды сот заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер қарастырылған.