Сот кабинеті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы халыққа көмек көрсету мақсатында, қойылған қосымша интернетке қосылған компьютерлер орнатылған, сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі арыз өтініштерді жіберуге көмектесетін, жұмыс істеу тәсілін жұмыспен қамтамасыз ету орталығынан, келісім шарт арқылы жұмыс істейтін жас маман көмек көрсетеді.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық  әрі  тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсе қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін тұлғалардың да уақытын үнемдейді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу мен мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі, кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығару т.б. тұтынушыға ыңғайлы операцияларды іске асыруға болады.