Архив событий

07/07/2016

Көксу ауданында тонаушыларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған

07/07/2016

Көксу аудандық сотында тонау фактісімен қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың мамыр айында екі сотталушы алкагольдік масаю күйінде жәбірленуші М.Азаматын тонаған, атап айтқанда  арам ойын жүзеге асыру мақсатында жәбірленушіні соғып, оның қалтасынан 14 600 теңге сомасында ақшалай қаражатын алып алған.

Қылмыстың жеңілдететін жағы ретінде сот, сотталушылар  қылмысты бірінші рет жасауы, өз кінәларын мойындап келуі және залалдың орнын толтыру, тұрғылықты жері бойынша оң мінездемелері болып табылды. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «Черный квадрат» бағдарламасының түсіріліміне қатысты

07/07/2016

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Б.Мынжанова «КТК» телеарнасынаның «Черный квадрат» бағдарламасының түсіріліміне қатысып А.Беккерге қатысты қылмыстық істің мәні бойынша мәлімет берді. Ол бұзақылық ниетпен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған болатын.  

Естеріңізге салып өтсек, сот судьялары аталған бағдарлама түсіріліміне үнемі қатысып, облыс аумағында орын алған қанды және шытырман оқиғалы қылмыстар жөнінде сұхбаттар беріп келеді.  

«Сот кабинеті» сервисін пайдалану

07/07/2016

Кербұлақ ауданының №2 аудандық соты «Сот кабинеті» сервисін пайдалану» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Аталған шараға Кербұлақ ауданының УПИ-лары И.Толендіұлы және А.Омаров, «Казақтелеком» АҚ-ның өкілі Г.Лихор және» Қоғалы ауылының психоневрологиялық интернат үйі» ММ-нің  өкілі Е.Рахтаевтар қатысты.