Әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Р.Шулановқа қатысты әкімшілік іс қаралды .

 Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Ұзынағаш ауылында, қоғамдық орында шылым шегіп, темекі тұқылын белгіленбеген орынға лақтырып тастаған.

Сот отырысында Р.Шуланов өзінің әрекетіндегі қателіктерін түсініп кінәсін мойындап қатаң жазаламауды сұрады.

Судья кінәсін мойындағанын және өкінгенін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн қайталап  құқықбұзушылыққа жол бергенін ескеріп, Р.Шулановқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР ӘҚБтК-тің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оны 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.