Архив событий

03/02/2017

Сот қылмыстық істі тоқтатты

03/02/2017

Талғар аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасаған сотталушы И.-ді «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатты.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

03/02/2017

Қаратал аудандық сотымен Д.С.Кустовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылғы 29 желтоқсанда сағат 02:20 жүргізуші Д.С.Кустов «Ваз21061» маркасындағы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Осылайша, Д.С.Кустов ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

Сот отырысында Д.С.Кустов өз кінәсін мойындады.

Панфилов аудандық сотында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

03/02/2017

Панфилов аудандық сотының судьялары «Семей ядролық жарылыстар сынақ алаңында зардап шеккен солдаттар мен азаматтардың Панфилов аудандық «Мейіз» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Р.Б. Садуакасов және бірлестік мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Аудандық соттың судьясы Эльмира Асубаева өз сөзінде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.

Сотпен оңайлатылған тәртіпте қарыз сомасы өндіріп алынды

03/02/2017

Балқаш аудандық сотымен «Finance арнайы қаржылық компания» ЖШС-ның К.Данебековадан банктік қарыз келісімшарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, жауапкер мен «Альянс банк» АҚ арасында 02.10.2006 жылы қарыз шарты жасалды. Қарыз шарты бойынша жауапкердің қарызы 02.11.2016 жылғы жағдайы бойынша 63 311 теңгені құраған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Текелі қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

03/02/2017

Текелі қалалық сотында қалалық пробация қызметі басшысының м.а. А.А.Чеирханова, заңгерлік кеңес меңгерушісі С.А.Бекишев, қалалық прокуратура прокуроры Д.Мұқанғалиев және ІІҚБ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдану мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Е.М.Қасымбеков 14.12.2016 жылы күшіне енген Заңнның ережелеріне жете тоқталып өтті.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

03/02/2017

Қаратал аудандық сотымен В.Л.Сабиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылғы 11 қаңтарда кешкі сағат 22:30 шамасында полицияның кезекші бөліміне Т.В.Танасюктан В.Л.Сабиевке қатысты шара қолдану туралы арыз түскен, ол алкогольдік масаң күйде үйге келіп, шу шығарып, терезенің әйнектерін қиратқан. Аталған шақыртуға Қаратал ІІАБ ПУИ қызметкері Р.Идрисов шыққан. Алайда, В.Л.Сабиев полиция қызметкеріне бағынбаушылық танытқан.

Сот төрағасы Ашық есік күнін өткізді

03/02/2017

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне азаматтардың сенім деңгейін, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті жоғарлату мақсатында ай сайын өткізіледі.

Кезекті Ашық есік күнінде сот төрағасы Б.Тұрлыбеков екі азаматты қабылдады, олар ата-ана құқығынан айыру туралы мәселелерімен жүгінді.

Қатысушылар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық сұрақтарға түсініктеме алды.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында судьялармен «Медиациялық техникалар» тақырыбына тренинг өтті

03/02/2017

Еңбекшіқазақ аудандық сотында ««Бітімгер» медиация және құқық орталығының» тренер-медиаторы Ян Мария судьяларға «Медиациялық техникалар» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Кәсіби медиатор медиация мәнін түсініктеме беріп, дауласушы тараптар арасындағы күрделі мәселелерді медиатордың көмегімен қалай шешуге болатынын түсіндірді.