Архив событий

15/02/2017

Талдықорған қалалық сотында семинар өтті

15/02/2017

Талдықорған қалалық сотында сот қызметкерлерінің, «Мамандандырылған кұзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлерінің қатысуымен сот отырысына БАҚ өкілдерін өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2016 жылғы қылмыстық істерді зерделеу мен мүлікті тәркілеуді қолдану тәжірибесі

15/02/2017

Талғар аудандық сотының судьялары «2016 жылғы қылмыстық істерді зерделеу мен мүлікті тәркілеуді қолдану тәжірибесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Талғар аудандық прокуратурасының аға прокуроры М.Б.Шакарова, аудандық ХҚКО-ның басшысы М.К.Нурбеков, Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Б.А.Калыбеков, Әділет басқармасының басшысы А.Нурмуханбет, заң кеңесінің өкілі адвокат Н.А.Садыков, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің инженері және «Талғар ауданының қоғамдық-саяси газеті» редакторының орынбасары Ф.Ержанова қатысты.

Сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді

15/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Байжүнісовпен Жетісу мемлекеттік университетінің заң пәндер кафедрасының «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерімен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараны жүргізудің басты мақсаты – жастар арасындағы құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ болашақ заңгерлерді сот жұмысымен таныстыру.

Ескелді аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

15/02/2017

Бүгін Ескелді аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Б.Ниязов жүргізді.

Іс-шараның мақсаты -  халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін жоғарлату.

Қарабулақ ауылының тұрғындары Е.Курмашев пен Р.Тулепбергенованы меншік құқығын тану бойынша мәселелер толғандырды.

Келушілердің әрбір сұрақтарына қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірумен жауап берілді.

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында ауылдық округтің тұрғындарына бітімгершілік келісімдерін жасау тәртібін түсіндірді

15/02/2017

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында бітімгершілік келісімдерін жасау ерекшеліктерін түсіндіру бойынша Қабанбай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағасы Б.Темірбековпен сот дауларын талаптан қайту және қарсы талаптарды өзара қанағаттандыру негізінде бейбіт жолмен, дәлірек айтқанда, татуластыру рәсімдері тәсілдерінің бірі - бітімгершілік келісім жасау арқылы шешуге болатыны туралы келушілерге мәлімдеді.

Панфилов аудандық сотындағы Ашық есік күні

15/02/2017

Панфилов аудандық сотында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және татуластыру рәсімдерінің қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында кезекті Ашық есік күні өткізілді.

Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы А.Абдраимов өткізді.

Сотқа Жаркент қаласының тұрғыны жүгінді, оның сұрақтарына сот төрағасы заңнаманы түсіндірумен жауап берді.

Сонымен қатар төраға татуластыру рәсімдері туралы және «Сот кабинеті» АЖ арқылы талап арызды беру туралы айтып өтті.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауаптылық

15/02/2017

Қаратал аудандық сотымен Үштөбе қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды, одан 2017 жылғы 4 қыркүйекте рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде мылтық алынған, яғни ол қаруды заңсыз сақтаған.

Істі қарау барысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.

Соттың қаулысымен ол ӘҚБтК-тің 482-бабы 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қаруды тәркілеумен 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ескелді аудандық сотында «Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

15/02/2017

Ескелді аудандық сотында судья М.Жукеновтың, Ескелді аудандық прокуратурасының прокурор орынбасары Н.Ерменбеков, Ескелді АІІБ қызметкерлерінің қатысуларымен «Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. 

Кербұлақ аудандық сотында ҮЕҰ өкілдерімен семинар өткізілді

15/02/2017

Кербұлақ аудандық сотында «Әйелдерді қолдау Сарыөзек орталығы» ҚБ төрағасы Р.Кондратенко, Кербұлақ АІІБ-ң әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы А.Базарбаевтың, Кербұлақ аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Г.Анықбаеваның қатысуымен «Гендерлік теңдік және татуластыру рәсімдері» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – гендерлік саясатты насихаттау, қоғамдағы әйелдерідің құқықтарын, қазіргі уақыттағы әйелдердің мәртебесін түсіндіру және істі сот қарау барысында татуластыру рәсімдерін жүргізу.