Архив событий

07/02/2017

Облыс тұрғындары өз сұрақтарына жауаптар алды

07/02/2017

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының арнайы департаментімен «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының ғимаратында жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

Ақсу аудандық сотында семинар өтті

07/02/2017

Ақсу аудандық сотында «Өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар» тақырыбына семинар өткізілді, оның жұмысына сот қызметкерлері және ҚР ІІМ-нің «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

07/02/2017

Текелі қалалық соты жалпы көлемі 3,80 грамм кептірілген марихуана есірткі затын жеке пайдалану мақсатында заңсыз сақтаған тұлғаға қатысты қылмыстық қылықты қарады.

Сот үкімімен, сотталушы ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 90 сағаттық мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды

Еңбекшіқазақ аудандық сотындағы Ашық есік күні

07/02/2017

Еңбекшіқазақ аудандық сотында соттың ашықтығы мен қол жетімділік қағидаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға Түрген ауылының тұрғындары қатысты, олар жер қатынастарына байланысты туындайтын даулар жөніндегі мәселелерімен жүгінді.