Архив событий

09/02/2017

МКҚБ қызметкерлерімен семинар өтті

09/02/2017

Кербұлақ аудандық сотында МКҚБ қызметкерлерінің қатысуымен «Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбына семинар өткізілді.

Отбасылық дау медиация тәртібінде реттелді

09/02/2017

Ақсу аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі сот медиациясы тәртібінде қарады.

Талапкер жауапкер К.-мен 2015 жылы неке құрып, қазіргі уақытта бір баланы тәрбиелеп отыр, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспаған. Ортақ шаруашылық жүргізілмейді, ортақ жиналған мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы дау болмағандықтан, соттан некені бұзуды сұраған.

Істі қарау барысында тараптар судья-медиатордың қатысуымен медиациялық келісімді жасаған, ол бойынша олар дауды өз еркімен шешті.

Кербұлақ аудандық сотында семинар өтті

09/02/2017

Ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізу – бұл дәлдік пен мінсіздікке бастайтын дұрыс жол, сондай-ақ Қазақстан сот жүйесінің жақсы имиджін қалыптастырудағы тағы бір нақты қадам болып табылады.

Осы орайда, Кербұлақ аудандық сотының судьясы А.Н.Садиева Сарыөзек гарнизонының әскери прокурор көмекшісі С.Баймусаев және әскери полиция майоры А.Жанадиловтың қатысуымен «Сот кабинеті» электрондық сервисі туралы» тақырыпқа семинар өткізді.

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бесжылдығы

09/02/2017

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Президентінің 04 ақпан 2012 жылғы №266 Жарлығына сәйкес құрылған. Сот жұмысының мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу болып табылады.

Құрылған күннен бастап осы күнге дейін сот төрағасы лауазымында Тұрлыбеков Бақыткелді Тамашаұлы, судья лауазымында Тоқтағұлова Мерей Өмірәліқызы жұмысын атқаруда.

Барымташы материалдық залалды өтеді

09/02/2017

Көксу аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімімен (ұрлық) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталған Р.-ға қатысты қылмыстық істі қаралды.

Сотталушы сот отырысында өз кінәсін толығымен мойындап, шын мәнінде ол өзінің іс-әрекетін ешкім байқамай отырғанын пайдаланып, жәбірленушінің ауласынан жылқыны жасырын түрде ұрлап, соңғысына 300 000 теңге сомасында зардап келтірген қылмысты жасағанын айтты.