Архив событий

02/02/2017

Алматы облысының №1 ювеналды сотында сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті

02/02/2017

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Тұрлыбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен 2016 жылы 12 ай ішіндегі сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

Райымбек ауданының № 2 аудандық сотында инновациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды

02/02/2017

Райымбек ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы Д.А.Дошкеев Райымбек ауданы прокурорының орынбасары Т.Төлегенов, адвокат Г.Аутанованың қатысуымен «Инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы, сот ісін жүргізуге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөнінде дөңгелек үстел қатысушыларына хабарлап, «Сот кабинеті» электрондық сервисінің артықшылығы туралы айтып өтті.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

02/02/2017

Көксу аудандық сотымен А.С.-ның жауапкер А.А.-дан қарыз сомасын өңдіріп алу туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талаптарын келесідей түсіндіреді: 20.06.2014 жылы ол жауапкерге бір ай мерзімге 550 000 теңге сома ақша қаражаттын қарызға берген, ал жауапкер қарызды 20.07.2014 жылы беруге міндеттеніп, ол туралы өз қолымен қолхат жазып берген.

Алайда, жауапкер белгіленген мерзімде қарызды бермеген және оны өз еркімен қайтарудан бас тартқан.

Сотта тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер талқыланды

02/02/2017

Еңбекшіқазақ аудандық сотында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Гульнар Бектурганова, Еңбекшіқазақ ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ассоциация, аудандық прокуратура және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушалар тұтынушылар құқығын қорғау және олардың құқықтарын қорғау кезіндегі моральдық зиянды өтеу мәселелері талқыланды.

Жамбыл аудандық сотындағы Ашық есік күні

02/02/2017

Жамбыл аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді, оған Қарғалы ауылының тұрғыны Г.Гафурова азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды өзгерту туралы талап арызды қалай жазу сұрағымен келді.

Сот төрағасы Е.Т.Үстелбаев сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде жауап берді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

02/02/2017

Гендерлік саясатты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық сотымен «Әйел құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына әйел құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Судья Қарлығаш Жапсарбаева өз сөзінде, әйелдерді жыныстық айырмашылықтары бойынша кемсітушілікті жоюдың маңыздылығын атап көрсетті.

Судьялар Қаскелен қаласының орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

02/02/2017

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.Байрбекова және Алматы облысының №2 кәмілет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы К.Дуанбекова Қарасай қаласы Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімдері, оқушылары және ата-аналарымен «Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың немесе оларды алмастыратын азаматтардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Ескелді аудандық сотында семинар өтті

02/02/2017

Ескелді аудандық сотында судьялар, Ескелді аудандық прокуратурасы прокурорының орынбасары Н.Ерменбеков, аудандық пробация басшысы Л.Сагимбаева, пробация қызметінің инспекторы және заңгерлік кеңес адвокаттарының қатысуымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдануды түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен нығайту мәселелері бойынша жедел кеңес

02/02/2017

Жамбыл аудандық сотында сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен нығайту мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске судьялар, сот мамандары және МКҚБ басшысы полиция лейтенанты А.Койжанов, полиция қызметкері: старшина А.Коспаев, аға сержант Б.Сабыркулов, кіші сержант С.Нурдинов қатысты.

Райымбек аудандық сотының төрағасы тұрғындармен кездесу өткізді

02/02/2017

Райымбек аудандық сотының төрағасы Д.Х.Өнербаев "Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станция" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратында тұрғындармен кездесу өткізді.

Аталған іс-шарада Райымбек ауданының тұрғындары азаматтық құқықтық қатынастарға және сотқа талап арызды беру тәртібіне қатысты мәселелер бойынша түсініктеме беруді сұрады. Сот келушілерінің барлық сұрақтарына Д.Х.Өнербаевпен толық жауап берілді.

«Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбына семинар

02/02/2017

Алакөл ауданының № 2 аудындық сотында прокуратураның өкілі, адвокат және сот мамандарының қатысуымен «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында судья Б.Темірбеков, келтiрiлген моральдық зиянды өтеудiң адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың тиiмдi кепілі болып табылатынын қатысушалардың назарына жеткізді.

Панфилов аудандық сотында БАҚ өкілдерінің сот ғимаратына техникалық құралдарды алып өту (алып жүру) мәселелері талқыланды

02/02/2017

Панфилов аудандық сотының БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша үйлестіруші-судья Эльмира Асубаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының аумағына және ғимараттарына БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметтеріне байланысты техникалық құралдарды алып өту (алып жүру) мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға Панфилов ІІАБ МКҚБ басшысы Қ.Нусіпжанов, Панфилов ІІАБ МКҚБ қызметкерлері: Ж.Мадижан, Ғ.Коныраубаев, А.Манап, А.Ағыбаев және БАҚ өкілі Б.Айтмукаева қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық

02/02/2017

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Е.Ж.Жексенбеков ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Панфилов аудандық сотында Президентінің жолдауы талқыланды

02/02/2017

Панфилов аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауын талқылау бойынша жиын өткізілді.

Панфилов аудандық сотының судьясы Эльмира Асубаева өзінің баяндамасында жолдаудағы негізгі бес басымдықтың әрқайсысына жеке тоқталып өтті.