Архив событий

14/02/2017

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік істерді қараудың сот практикасы туралы заңнаманы қолдану

14/02/2017

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. Г.К.Тынысбекова Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік істерді қараудың сот практикасы туралы заңнаманы қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Талғар аудандық сотында семинар өтті

14/02/2017

Талғар аудандық сотында «Жеке айыптау істері» тақырыбына семинар өткізілді, оған аудан прокурорының көмекшісі Ә.А.Оразалиев, Талғар ауданы әкімі аппаратының бас маманы К.Е.Кервенев, Талғар ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Б.А.Калыбеков, Әділет басқармасының инспекторы Б.Амангелды, Сот актілерін орындау жөніндегі Талғар аумақтық бөлімінің басшысы м.а.

Адамдар тобы жасаған зорлау туралы үкім өзгеріссіз қалдырылды

14/02/2017

Бүгін Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен, Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2016 жылғы 28 қарашадағы Есік қаласында орын алған адамдар тобы жасаған зорлау туралы үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Жәбірленушінің, қоғамдық қорғаушының, сотталғандардың және олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаратал аудандық сотында жеке айыптау істерінің қаралу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті

14/02/2017

Қаратал аудандық сотымен «2016 жылғы жеке айыптау істерін қарауда туындайтын кейбір сұрақтар және осындай құқықбұзушылақтардың алдын-алу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға прокурор орынбасары Д.А.Нусупалиев, Қаратал аудандық АІІБ-нің басшысының орынбасары Е.А.Наубаев, полиция қызметінің басшысы А.Асубеков қатысты.

Дөңгелек үстел барысында азаматтардың ІІБ-на жүгінуге құжаттарды жинақтау барысындағы қателіктер талқыланды. 2015 жылмен салыстырғанда сотқа келіп түскен жеке айыптау істері ұлғайғаны көрінеді.

Райымбек ауданының № 2 аудандық сотында баспасөз-конференция өтті

14/02/2017

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық қызметін пайдалануын жандандыру мен насихаттау мақсатында сот төрағасы Д.А.Дошкеев БАҚ өкілдері мен Райымбек аудандық ІІБ-нің қызметкерлері үшін баспасөз-конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында төраға сотқа электрондық құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық қызметі арқылы ұсыну тәртібімен таныстырды.

Ескелді аудандық сотында семинар өтті

14/02/2017

Ескелді аудандық сотында Алматы облысының «МКҚБ» ММ қызметкерлерінің қатысуымен Соттың ғимаратында өткізу режимінің қағидаларын зерттеу бойынша семинар өткізілді.

Кезекті Ашық есік күні өтті

14/02/2017

Көксу аудандық сотының төрағасымен аудан тұрғындары үшін кезекті Ашық есік күні өткізілді, оған А.Садиев пен Г.Габитов еңбек өтілін есептеу, өз атына мұрагерлік үйді рәсімдеу және тұрғын-үйді қайта рәсімдеу мәселелерімен келді.

Сот төрағасы К.М.Иманханов қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер мен нақты жауаптар берді.

Көксу аудандық сотында семинар өткізілді

14/02/2017

Көксу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Ж.Баймуқашева сот мамандарымен «Соттағы ic қағаздарды жүргізу қағидалары» тақырыбына семинар өткізді.

Іс-шара барысында бас маман М.Мухажанова сот істері мен материалдарын тіркеу және есепке алу мәселелері жөніндегі баяндамасымен, бас мамандар: М.Мукашев пен Д.Хизиров сот істерін қарауға дейін және олар қаралғаннан кейін рәсімдеу бойынша түсініктемелерімен сөз сөйледі.

А.Ж.Баймуқашева соттағы іс қағаздары жүргізу қағидаларының талаптары қатаң сақталуы қажет екенін ескертті.

«Әйелдердің құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел

14/02/2017

Еңбекшіқазақ аудандық сотымен Гендерлік саясатты дамыту мақсатында «Әйелдердің құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге «Балалар және аналарды қорғау» қорының президенті Г.Оспанова және Еңбекшіқазақ аудандық прокуратура өкілдері қатысты.

Судья Назигуль Киекбаева өз сөзінде жынысына қарай әйелдерді кемсітушілікті жоюдың маңыздылығын атап өтті.

Панфилов аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

14/02/2017

Панфилов аудандық сотының судьясы Қ.Ә. Байоразова Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен «Жеке айыптау тәртібімен қаралатын істер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Судья қызметкерлердің назарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы Нормативтік қаулысының, ҚПК-ң 47 тарауының талаптарын сақтауға аударды.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушыларымен аталған санаттағы істер бойынша күрделі мәселелер талқыланды.

Жамбыл аудандық сотында Ашық есік күні өтті

14/02/2017

Жамбыл аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында Ашық есік күні өткізілді.

Сотқа Қарғалы ауылының тұрғыны А.Ахметжанов мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап арызды беру тәртібі жөніндегі мәселесімен келді.

Судья А.А.Бельгибаева сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде жауап берді.