Архив событий

01/02/2017

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ЖОО студенттері үшін экскурсия өтті

01/02/2017

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің заң факультеті студенттерінің қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

ЖОО студенттері үшін сот ғимараты бойынша танымдық экскурсия өткізілді. Студенттер сот мәжілісі залдарында болып, онда сот процесін аудио-бейне тіркеуінің заманауи құралдарымен танысты.

Судья ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

01/02/2017

Жамбыл аудандық сотының судьясы Г.Б.Мұқанова Әйелдерді қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

№ 2 Кербұлақ аудандық сотындағы Ашық есік күні

01/02/2017

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне деген азаматтардың сенім деңгейін жоғарлату, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында № 2 Кербұлақ аудандық сотындағы Ашық есік күні өткізілді, оған Қаспан ауылының тұрғыны К.Демеуова жер учаскесін өз атына заңдастыру мәселесімен қатысты.

Судья Г.Тынысбекова қолданыстағы заңнама шеңберінде сұрақтарға жауап берді.