Архив событий

06/02/2017

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін қамаққа алу

06/02/2017

Қаратал аудандық сотымен Г.Г.Кимге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша 12.01.2017 жылы шамамен сағат 07.50 Г.Г.Ким қоғамдық орында бола тұра, тиісті емес жерде бір шелек күлді төккен, осылайша ортақ пайдалану орындарын ластаған.

Сонымен, Г.Г.Ким ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылықты, яғни ұсақ бұзақылық (ортақ пайдалану орындарын ластау) жасаған.

Сотпен мұраны қабылдау үшін мерзім қалпына келтірілді

06/02/2017

Алакөл ауданының №2 аудандық сотымен К.А.Кананбаевтың, оның ұлы қайтыс болғаннан кейін ашылған жылжымайтын мүлік түріндегі мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында талапкер өзінің құқықтық сауатсыздығы мен ұлы қайтыс болғаннан кейін туындаған жабыраңқы қүйі себебінен уақытылы өзінің мұрагерлік құқықтарын рәсімдей алмаған және де ҚР АК-нің 1072-2 бабы негізінде мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіруді сұраған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауына арналған дөңгелек үстел

06/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.А.Калмакбаевамен сот мамандарымен 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

06/02/2017

Ақсу аудандық сотында «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестік өкілі Б.Н.Курмангалиева, аудандық әкімдік өкілі М.Сланбекова және «Ақсу өңірі» газетінің тілшісі А.Касымбекованың қатысуымен «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - гендерлік теңдік саясатының басты мәні мен мағынасын түсіндіру, сондай-ақ осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар туралы дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына жеткізу.

Сот орындаушысының қаулыларын санкциялау

06/02/2017

Қапшағай қалалық сотында сот орындаушысының қаулыларын санкциялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді, оған Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары, Қапшағай қаласының сот актілерін орындау жөніндегі бөлімінің мемлекеттік сот орындаушылары және «Бизнес Дайджест» жергілікті газетінің тілшісі қатысты.

Алматы облыстық сотының ұжымы мерейтой иесін туған күнімен құттықтады

06/02/2017

Бүгін Алматы облыстық сотының ұжымы салтанатты жағдайда облыстық соттың судьясы Гүлнәр Валимованы мерейтойымен құттықтады.

Гүлнәр Мәмеджанқызы судья қызметінде 23 жылдан артық жұмыс істейді, 2010 жылы «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2014 жылы ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен, 2016 жылы II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталған.

Мерейтой иесіне зор денсаулық, мол бақыт және барлық жағдайларда амандық пен табыс тіледі.