«Б» корпусыныңбос және уақытша бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғаорналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

С-О-6 санаты бойынша: Жоғары немесе құқық саласындағы ортадан кейінгі білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-R-5 санаты бойынша: Жоғары немесе құқық саласындағы ортадан кейінгі білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-6

74953,874

101604,14

С-R-5

64960,024

88279,007

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ, 040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 А, анықтама үшін телефондар: 8 (7282) 55-87-74, факс: 55-87-72, электрондық мекен-жайы: 728-0201@sud.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпыконкурс жариялайды:

Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі:

1.Жетекші маманына (C-О-6, 2 бірлік):

         Талдау және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, (С-О-6, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жүргізу, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап беру және атқарылуын бақылау. Сот статистикасын жүргізу. Жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түскен жеке жіне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесеортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

         Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Кіріс және шығыс хат хабарларды тіркеу, кіріс хат-хабарларды тіркеу журналын жүргізу және судьяларға, мамандарға істерді уақытылы тапсыру, нарядтарды, арыздарды тіркеу журналын жүргізу, хаттарды, хабарламаларды жолдау, статистикалық есептерді, қаралған істер бойынша талдау жүргізу, автоматты түрде істерді бөлу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесеортадан кейінгі құқықтық білім. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

2.     Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот приставы (С-О-6, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Сот отырыстарын өткізуге арналған залдардың дайын болуын бақылау; Ережеге сәйкес кіру режимін қадағалау. Азаматтардың сот үй-жайында және сот отырысы залында болу тәртібін сақтауын қамтамасыз ету; Сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асыру; Қамауда отырған адамдарды күзету және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша айдауыл қызметінің қызметкерлерімен өзара әрекет жасау; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімдерде қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары немесеортадан кейінгі құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық) білім.Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

3.     Жетекші маманына (C-R-5, 8 бірлік):

Талдықорған қалалық соты;

Қарасай аудандық соты (2 бірлік);

Панфилов аудандық соты;

Көксу аудандық соты;

Талғар аудандық соты;

Еңбекшіқазақ аудандық соты;

Текелі қалалық соты (негізгі қызметкерлердің бала күтімі жөніндегі демалыстары кезеңдеріне 1 бірлік 04.08.2019 жылға дейін).

         Функционалдық міндеттері: Кіріс хат-хабарды, соның ішінде қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қабылдау мен тіркеуді, оны өңдеуді, істерді, арыздарды, шағымдарды қабылдаған кезде істердегі, талап арыз материалдарындағы, шағымдардағы құжаттардың толықтығын, қоса берілген құжаттардың тізімдемеге сәйкестігін тексеруді және оларды сақтауды жүзеге асыру. «Кіріс» және «шығыс» белгілері бар соттың мөртаңбасының сақталуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету. Кіріс хат-хабарларды орындаудың бақылау мерзімдерін белгілеуді қамтамасыз ету. Кіріс хат-хабарлардың судьялар мен сот қызметкерлеріне уақытында жеткізілуін қамтамасыз ету.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесеортадан кейінгі құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит), педагогикалық білім.Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей білу.

        

1.     Жалпы конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттары соңғы жариялану күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде қабылданады.

2.     Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

·        Арнайы нысанға сәйкес өтініш;

·        3х4 үлгідегі суретпен, арнайы нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

·        бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

·        еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

·        арнайы нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

·        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

·        құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

·        конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3.     Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу күні, кандидаттарды әңгімелесуге шақырып, хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Алматы облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-де өтеді.

4.     Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

5.     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.