Архив событий

04/04/2016

Алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

04/04/2016

Текелі қалалық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Тараптар алимент төлеу келісімі бойынша мөлшері 577 219 теңге құрайтын төленбеген алиментті өндіріп алу туралы азаматтық істі өз құқықтарын пайдалана отырып дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Келісім бойынша талапкер өз талап-арызынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың  1-ші шілдесіне дейін алимент төлеу келісімі бойынша мөлшері 577 219 теңге құрайтын төленбеген алиментті төлеуге міндеттенеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылы туралы семинар

04/04/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  бектілген жұмыс жоспарына сәйкес, сот төрағасы Н.Е.Қарабаев судьялар мен сот қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

         Семинарда сот төрағасы Н.Е.Қарабаев ҚР мемлекеттік қызметкерлердің   18.11.2015жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы,  сонымен қатар, смарт телефондардың жұмыс барысында қолданбауы туралы хаты талқыланды.

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы

04/04/2016

Іле аудандық соты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын қолданудың бірқатар мәселелері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізіді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар Г.Р.Әжібаева, А.О.Үстенова, Д.Д.Тарап, Ж.А.Батыров, Іле ауданының жеке сот орындаушылары, прокурор, қорғаушылар және сот мамандары қатысты.

           Шара барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын тәжірибеде қолданудың және сотпен санкция берілетін қаулыларды жазудың өзекті мәселелері талқыланды.

Дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

04/04/2016

Ескелді  аудандық соты қарызды өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді   бекіту туралы  өтініш білдірді.

Дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге келуіне байланысты судья тараптардың өтінішін қанағаттандырып, аталған іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Сот ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамағаны үшін айыппұл салды

04/04/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Ислам жолы»  ЖШС-не  қатысты репатриациялау талабын орындамау туралы әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ЖШС «Ислам жолы»  (Сатушы, Қазақстан Республикасы, резидент) және «AKHI TRADE Co.,LTD» (Сатып алушы, Гонконг, резидент емес), 2009 жылы сынықтар мен қара металл қалдықтарын жеткізу туралы жалпы сомасы 2 000 000 АҚШ долларын құрайтын  келісім-шарт жасасқан.