Архив событий

28/04/2016

Сот медиация тәртібімен ұрлық жөніндегі қылмыстық іс қысқартылды

28/04/2016

Қаратал аудандық соты Үштөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарау барысында  жәбірленушімен татуласуына байланысты сот медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы өзінің танысының үйінде бола тұрып, жасырын түрде құны 4000 теңгені құрайтын «Нокия»  ұялы телефонын  ұрлағаны анықталды.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші татуласты. Сот медиация тәртібімен татуласу туралы келісімді қабылдап, сот қаулысымен іс жүргізу қысқартылды. 

3 жыл мерзіміне көлікті басқару құқығынан айырылды

28/04/2016

Алматы облысы Райымбек аудандық соты  мас күйінде автокөлік жүргізген Кеген ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзімге автокөлікті жүргізу құқығынан айыру тағайындалды.

«Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар

28/04/2016

Панфилов аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында судья Э.О.Асубаева баяндама жасап, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің дағдыларын  дамыту және жақсарту үшін іс-шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру қажеттілігін айтып өтті.

Талғар аудандық соты «Жастар саясаты және оны дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

28/04/2016

Дөңгелек үстелге Талғар аудандық сот судьялары Е.Е.Келемсеиітов, Д.З.Сейтов, А.Т.Қожанов,  М.С.Ибрагимов, І.Мұхадиұлы  және Талғар ауданының жастар орталығының кеңесшісі А.С.Төрешова, үкіметтік емес ұйым болып табылатын «Жастар Одағы «VECTOR» жастар қоғамдық ұйымының директоры Ж.Х.Кеңесов қатысты.

Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлау қарсаңында №1 Алматы облыстық ювеналды сотында дөңгелек үстел өткізілді

28/04/2016

Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлау қарсаңында Алматы облысы №1кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар, сот мамандары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы бірлік және келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Текелі қалалық сотының төрағасы Е.Қасымбеков «Жас Өркен» және «Текелі жастары» қоғамдық бірлестігімен кездесу өткізді

28/04/2016

Текелі қалалық сотының төрағасы Е.М.Қасымбеков Г.Көштаева және А.Ахметжанованың бастауымен «Текелі жастары» және «Жас Өркен» Текелі қалалық жастар қоғамдық бірлестігімен кездесу өткізді.

Бұл шара «Текелі қалалық жастар орталығы» ғимаратында, сот төрағасы орта мектептердің  жоғарғы сынып оқушыларына  және Талғар қаласының колледж студенттеріне «Баланың құқықтары» тақырыбында дәріс оқыды.

қатысты. Текелі қалалық сотының төрағасы Е.Қасымбеков.

Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі бітімгершілік рәсімдері

28/04/2016

Көксу аудандық соты «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодекстегі    бітімгершілік рәсімдері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Көксу аудандық сот төрағасы Қ.М.Иманханов, судья Г.Садабаева,  қорғаушылар,  аудан прокуратурасы және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары туралы және «Медиация туралы» заңы, азаматтық және қылмыстық іс жүргузіде медиация институтын қолдау туралы сот төрағасы Қ.М.Иманханов, судья Г.Садабаева,  қорғаушы Т.Досанов баяндама жасады.

Еңбекшіқазақ аудандық соты «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

28/04/2016

Еңбекшіқазақ аудандық  соты судьялар, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Қалиева, мемлекеттік  сот орындаушылар С.Диханбаев, А.Тузилова, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің ҚАИ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Т.О.Жалғаубеков, ҚАИ бөлімінің қызметкерлері және кеңсе мамандарының қатысуымен «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.