Архив событий

15/04/2016

Ауылдық округындағы ашық есік күні

15/04/2016
Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.А.Құдабаев  Ескелді ауданының Шұбар ауылдық округінің әкімдік ғимаратында ашық есік күнін өткізді.

Осы шараға ауыл  тұрғындары мұраны қыбылдау туралы, жол көлік оқиғасы  салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы, иесіз қалған үйлер туралы сұрақтарына жауап іздеп келген.

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот төрағасы радиода сұхбат берді

15/04/2016

        Талдықорған  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы  Н.Е.Қарабаев  «Соттың 2016 жылғы жұмыс қорытындысы және ҚР ӘҚБтК-тің 608 бабына түсіндірме» тақырыбына «Ностальжи» облыстық радио толқынының эфирінде сөз сөйледі.

         Сот төрағасы өз баяндамасында сот төрелігі бойынша соттың статистикалық мәліметтерін келтіре отырып, әкімшілік істерді қарау барысында көбінесе жол көлік оқиғасына қатысты істердің қаралатындығын айтып, көлік жүргізушілерге ескерту ретінде ҚР ӘҚБтК-іне сәйкес әкімшілік жазалар  туралы хабардар етті.

Алматы облыстық сотында партисипативтік рәсім бекітілді

15/04/2016

       Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы  Д.Нұрлыбаевтың Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің шешімін, жер учаскесін, жеке меншік құқығы актісін сатып алу-сату шартын жартылай жарамсыз деп тану туралы Г.Тайжахметоваға, Жаңашамалған ауылдық округінің әкіміне, «Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-сіне, «Қарасай ауданының әділет басқармасы» ММ-сіне талап арызы бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Дау медиация тәртібімен реттелді

15/04/2016

Көксу аудандық соты қылмыстық теріс қылық жасаған үшін келтірілген 710 000 теңге материалдық залалды және 300 000 теңге моральдық зиянды өтеу туралы М.М.Шамбулаевтың А.С.Ілімхан мен Д.М.Нүрекеновке қатысты талап арыз бойынша  азаматтық іс қарады.

Алдын ала сот отырысында тараптар өздерінің құқықтарын пайдалана отырып араларындағы дауды медиация тәртібімен реттеуге тілек білдірген.

Келісім бойынша жауапкерлер осы жылдың мамыр айының 20-на дейін 250 000 теңге көлемінде шығынды төлеп береді, талапкер өз кезегінде  талаптың қалған бөлінінен бас тартады.

Алматы облыстық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өтті

15/04/2016

         Алматы облыстық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында облыс соттарының атқарған жұмыс нәтижесі бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.

        Шараға Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов, алқа төрағалары С.Сәкенов, Қ.Досымбет, Алматы облысы бойынша сот Әкімшісінің басшысы М.Бурашев, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.