Архив событий

07/04/2016

Сот медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітті

07/04/2016

Көксу аудандық соты «Казақтелеком» АҚ-ның жауапкер Ж.Алжанбаеваға телекоммуникация қызметтерін көрсеткен үшін қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісіміге жетіп, дауды реттеу туралы келісімді ұсынды, ол бойынша Ж.Алжабаева 2016 жылдың 01 сәуіріне дейін қарызды өтеуге міндеттенеді.

Сот, медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Талап арыз қанағаттандырылды

07/04/2016
Текелі қалалық соты «Текелі қаласы әкімінің Аппараты» ММ-нің жауапкерлер Афанасьевтарға меншік құқығын қысқарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Ескелді ауданының әкімшілігінде кәсіби емес медиаторлар орталығы ашылды

07/04/2016

Ескелді ауданы әкімінің Аппараты ғимаратында кәсіби емес медиаторлар орталығы ашылды.

Медиация – сотқа дейінгі дауларды шешуге мүмкіндік береді.

Медиация тәсілімен дауларды шешу кезінде, соттарға келіп түсетін істер саны айтарлықтай қысқарып, неғұрлым күрделі істерді сапалы қарастыруға ықпал етеді.

Тұрғындар мен ұйымдар медиация артықшылықтарын әлі толық емес шамада бағалайды. Бұл көбінесе халықтың төмен құқықтық сауаттылығымен байланысты, сондай-ақ медиация нормаларын білмеуі.