Архив событий

27/04/2016

«Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар. Әкімшілік құқық бұзушылықтар істерін рәсімдеу» тақырыбына дөңгелек үстел

27/04/2016

Алакөл аудандық сотында «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар. Әкімшілік құқық бұзушылықтар істерін рәсімдеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шара жұмысына судьялар, сот мамандары және  Алакөл ауданының АІІБ –нің Жол патрульдік полиция қызметкерлері қатысты.

Өз баяндамасында сот төрағасы  Ш.Талданбаев кең таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі, жүргізушімен көлік құралын алкогольдік және есірткі масаң күйінде басқару болып табылады,- деп атап өтті.

Талғар ауданында медиатор кабинеті ашылды

27/04/2016

Талғар аудандық соты Алматы облысы Талғар ауданының әкім аппаратымен бірге әкімдік ғимаратында медиатор кабинетін ашты.

Татуластыру рәсімдері  кәсіби емес медиатор Д.Базарқұловпен өткізілетін болады. Азаматтардың ыңғайы үшін әкімдік ғимаратында медияцияны қолдану саласы, медиатордың жұмыс уақытының кестесі туралы ақпараттың тақталар орнатылған.

Әкімдік ғимаратында медиация кабинетінің жұмыс істеуі сот қорғауына төтенше жағдайларда ғана жүгініп, елеусіз даулар мен жанжалдарды өз бетінше шешуге азаматтық қоғам құруға мүмкіндік береді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында ашық есік күні

27/04/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сот төрайымы В.Тохтарбаева соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау, халықтың сотқа деген сенімін нығайту, халыққа құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарының қатысуымен ашық есік күнін  өткізді.

Азаматтар көбінесе  азаматтық-құқықтық қатынастар аясында, алимент өндіру мәселелері  және еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша сұрақтармен жүгінген. Азаматтар қойған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес  жауаптар  берілді.

Сот келушілеріне бітімгершілік келісім жасасу ерекшеліктері түсіндірілді

27/04/2016

Азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, заңгерлік көмек көрсету мақсатында Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Тұрлыбеков бітімгершілік келісім жасасу ерекшеліктерін түсіндіру туралы ашық есік күнін өткізді.

          Сот төрағасы келушілерге медиативті дауды реттеу туралы, атап айтқанда сот дауын жеңілдік пен өзара қанағаттандыру  талаптары негізінде бейбіт жолмен реттеуге болатындығын атап өтті.

Қорқытып алушыға қатысты медициналық шара қолданылды

27/04/2016

Панфилов аудандық сотында зорлық-зомбылық қорқытуын қолданып, әдейі пайдакүнемдік ойымен досы Т.-дан 100 000 теңге көлемінде ақша талап еткен Жаркент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында П. жәбірленуші Т-дан  сомасы 100 000 теңге ақша қаражатынын алу кезінде ұсталған. Өз әрекетімен ҚР ҚК-тің 194-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасаған. Яғни қорқытып алушылық, зорлық-зомбылық күш қолдану арқылы бөтен мүлікті беру талабын қойған.

И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттеріне ашық есік күні

27/04/2016

Алматы облысы Талдықорған мамандандырылған ауданаралық сотында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  4-курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Шараны сот төрағасы Н.Қарабаев өткізді.

Осындай шараларды ұйымдастыру  - бұл студенттер үшін мамандықтың ерекшеліктері туралы ақпаратты  «бірінші ауыздан» тікелей сот қызметкерлерінен білуге, заңгер мамандығы туралы нақты сұрақтар қоюға   жақсы мүмкіндік береді.

Аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда

27/04/2016

Панфилов аудандық соты аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, сотталған нақты кедендік баждарды және салықтарды төлемей, тауарға қатысты кедендік шекарасы арқылы өткізудің белгіленген арнайы ережелерін орындамай, ҚХР аумағынан ҚР-сына   аса ірі мөлшерде тауарлар, яғни  әр түрлі модификациялы жалпы саны 2 508 дана ұялы телефон түрінде әкелген.