Архив событий

13/04/2016

Медиация бұрышы ашылды

13/04/2016

         Алакөл ауданы Жыланды аулдық округі әкімдігінің ғимаратында медиация бұрышы ашылды. Ашылу рәсіміне ауылдық әкімдіктің қызметкерлері, халық белсенділері және ауылдық округтің жергілікті тұрғындары қатысты.

Талап арыз қанағаттандырылды

13/04/2016

          Іле аудандық соты талапкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  жауапкер К.Амановадан несие шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қарады.

          Несие беру шарты бойынша жауапкерге теңге мал шаруашылығын дамыту үшін 2 000 000 теңге берілген.

          Жауапкерден шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін 1 673 782 теңге  мөлшеріндегі сомасын өндіріп беруді және төленген мемлекеттік баж сомасы 50 214 теңгені қайтарып беруді соттан сұрайды.

          Сотпен талап арыз қанағаттандырылды