Архив событий

14/04/2016

Конкурсқа хабарландыру

14/04/2016

Алматы облысының Соттар әкімшісі 2016 жылы 18 сәуірде сағат 15.00-де Алматы облыстық сот ғимаратында Алматы облысы бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттар судьялары, төрағалары лауазымға орналасуға конкурсқа қатысатын адамдарды қарауға пленарлық отырысы өтетіндігі туралы хабарлайды.

                                                                Тізім

1.  М.А.Аханова Алматы облыстық сот судьясы

2. К.М.Байдуақасов Алматы облысы Талдықорған гарнизонының Әскери сот төрағасы

Талап берушінің талабы қанағаттандырылды

14/04/2016

Текелі қалалық соты  арызданушы Н-тың  «Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-іне ғимаратты жалға беру келісім-шартын жасаудан бас тарту туралы  азаматтық іс қарады.

Медиативтік келісім

14/04/2016

Панфилов аудандық сотының  судьясы азаматтық іс қарап, медиация тәртібімен қықартты.

 Талап қоюшы қарыз 200 000 теңгені және мемлекеттік баж салығы 2000 теңгені өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Тараптар медиация жолымен істі тоқтату туралы өтінішпен жүгініп, медиациялық келісім құрады.

Іс жүргізу бойынша азаматтық іс қысқартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық

14/04/2016

Панфилов аудандық соты Б.Ж.Сулейменовқа қатысты әкімшілік іс қарады.Ол сыра ішіп, бөтелкені дүкеннің алдында қоғамдық жерге тастаған, осы әрекетімен ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 АЕК, яғни сомасы 21 210 теңге  көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сотпен медиациялық келісім бекітілді

14/04/2016

         Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты  жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қарады.

         Талапкер өз талап-арызында ол кәмелетке толмаған баласын бағып отырғанын, осыған байланысты өзін және баласын асырауға мүмкіндігі жоқ екендігін баяндап, сотты жауапкерден өзінің пайдасына баласы үш жасқа толғанға дейін алимент өндіріп беруін сұрады.

          Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат ұсынды.

Жауапкермен мемлекеттік сатып алу шарты бұзылған

14/04/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық  соты талап қоюшы РММ 28237 Әскери бөлімі  Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы ЖК «Жакашевадан» көлемі 47 714 теңге құрайтын айып ақы төлемін өндіріп алу туралы қозғалған азаматтық істі қарады.

Істің мәні бойынша, тауарлар сатып алу үшін лот бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімнің қорытындысы негізінде жеке кәсіпкер Жакашева жеңімпаз деп анықталған. Талапкер мен жауапкер арасындағы мемлекеттік сатып алу келісім шарты бекітілген, бірақ бұл шарт орындалмаған.

Талдықорған мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

14/04/2016

        Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Н.Е.Қарабаевқа жәбірленуші Г.Тлеуованың туысқаны  қабылдауға келіп, ҚР ӘҚБтК-тің 610-бабы 1-бөлігі бойынша жол көлік оқиғасына қатысты, жол полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеті туралы сұрақтармен жүгінді.

        Сот төрағасымен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне келіспеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК 44-тарауымен әкімшілік сотқа шағым келтіре алатындығы туралы және  қойылған әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар қайтарылып, жекелеген сұрақтар бойынша заңгерлік кеңестерге жүгінуге кеңес берілді.