Архив событий

20/04/2016

Кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен тараптардың татуласуы

20/04/2016

          Ескелді  аудандық соты бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу  фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

          Қылмыстық іс материалдарынан, сотталушы терезелерді сындырып, жәбірленушінің үйіне кірген, алайда қылмыс жасалған жерде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

          Сот отырысында тараптар кәсіпби емес медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен келісімге келді.

          Сот қаулысымен азамат А-ға қатысты  ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес  қылмыстық іс қысқартылды.

Балқаш ауданының «Нұр Отан» партиясы ғимаратындағы дөңгелек үстел

20/04/2016

Балқаш ауданының «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудандық сот төрағасы Ж.А.Байғожаев, АІІБ-нің бастығы Н.Әбиров, сот мамандары және  учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Ж.А.Байғожаев сот қарауына түсетін әкімшілік істердің басым бөлігі отбасылық қатынастардағы құқық бұзушылықтар екенін атап өтті.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз қанағаттандырылды

20/04/2016

Алматы облысы Іле аудандық соты Өтеген батыр кенті тұрғынының жауапкер Алматы облысы Іле аумақтық сот актілерін орындау Департаментіне мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Құқық бұзушы көлік құралын жүргізу құқығынан 4 жылға айрылды

20/04/2016
Алматы облысы Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соты полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған және көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушіге қатысты іс қарады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-тің 613-бабы 1-бөлігі, 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық

20/04/2016
Алматы облысы Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық жасаған Текели қаласының тұрғынын кінәлі деп таныды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2016 жылғы 3 сәуірінде сағат 23-00 шамасында құқық бұзушы өз үйінде жанжал шығарып, зайыбының атына былапыт сөздер айтқан.