Архив событий

08/04/2016

Жамбыл ауданының әкім аппарат ғимаратында медиация кабинеті ашылды

08/04/2016

Жамбыл ауданының әкім аппарат ғимаратында шалғай аудандарда тұратын халықты қолдау үшін кәсіпқой емес медиаторлар кабинеті ашылды.

 Медиация кабинеттерінің артықшылығы азаматтарға тұрғылықты жерлерінен шықпай-ақ дауды шешу және татуласу үшін кәсіби емес медиаторларға жүгінуге мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, қыстағы қолайсыз ауа райы жағдайларында маңызды. Азаматтардың медиация кабинеттеріне жүгінуі сот және көлік шығындарынан босатады, себебі сотқа талап арызды берген кездегі міндетті мемлекеттік баж салығын және өкілдердің қызметтерін төлеу қажеттілігі болмайды.

Некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/04/2016

Некені бұзу туралы азаматтық іс Алакөл аудандық сотының ұйғарымымен медиация тәртібінде қысқартылды.

Осылайша, істі қарау барысында жауапкермен татуласуына  байланысты талапкерден медиациялық бітімгершілік жасау туралы өтініш түсті. Сот отырысының қорытындысы бойынша медиациялық шарт негізінде, ерлі-зайыптылар некені сақтап қалу туралы бітімгершілік келісіміне келді.

Сот  іс жүргізуді қысқартып, талапкерге төленген мемлекеттік баж салығын  қайтарды.

Сот ұйғарымы күшіне енген жоқ. 

Медияция бұрышы ашылды

08/04/2016

Алматы облысы Ақсу аудандық әкімшілігі ішінен медиация бұрышы ашылды.

Шараға Ақсу аудандық сотының төрағасы А-О.Т.Жақсыбаев,  судья А.М.Умбетай, Ақсу ауданының әкімі А.Е.Далбағаев, аппарат басшысы А.Сабырбаев, кәсіби емес медиатор С.Қалибеков,  аудандық «Ақсу өңірі» газетінің бас редакторы М.Найманханұлы  қатысты.  

Кәсіби емес медиатор С.Қалибековпен ашу лентасы салтанатты түрде кесілді.

Әрекеттер қайта дәрежеленді

08/04/2016

П.Солоненко көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра,  2016 жылдың 6-шы сәуірінде   сағат 03.35 мас күйінде  автокөлікті басқарған.

Сот отырысында П.Солоненко жоғарыда көрсетілген фактісін растай отырып, өзінің көлік құралдарын басқару куәлігінің жарамдылық  мерзімі 2011 жылы өтіп кеткендіктен  автокөлігін сенімхат бойынша күйеуі басқарғанын айтты.

Сондай-ақ, сот отырысында П.Солоненконың екі баласы бар екені, екінші баласы барлығы 11 жаста  және операция жасатқаннан  кейін күтім керектігі анықталды.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті

08/04/2016

Ескелді аудандық соты дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Тараптар мөлшері 400 500 теңге құрайтын төленбеген алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша өз құқықтарын пайдалана отырып дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Келісім бойынша, талапкер өз талап-арызынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың  1-ші тамызына дейін алимент төлеу келісімі бойынша мөлшері 400 500 теңге құрайтын төленбеген алиментті төлеуге міндеттенеді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу

08/04/2016

Текелі қалалық соты Т-ға қатысты бөтеннің мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы «Көксу» өндірістік кооперативінде жұмысшы ретінде жұмыс жасай отырып, «Көксу» ӨК-нің заттай мүлігін жасырын ұрлап алған, сөйтіп ол жәбірленушіге барлығы 50 000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Сот отырысы  барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге жазбаша келісім шартын ұсынды.

Әкімшілік жолмен шығарып жiберуге ұшыраған

08/04/2016

Панфилов аудандық соты визада көрсетілген мақсаттарға сай емес Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ұсталған Әзірбайжан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бузышылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соқты.