Архив событий

26/04/2016

Іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды

26/04/2016

Жамбыл аудандық соты жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қарады.

Талапкер АҚ-ы несиені өтемегені үшін 30 502  теңге көлемінде қарыз өндіріп алу туралы  жауапкерге жүгінді.

Талапкер дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттей алмады, осыған байланысты талапкер талапты қанағаттандыруды сұрады.

Еңбекшіқазақ №2 аудандық сотында 2016 жылғы 1 тоқсан жұмысының қорытындысы өткізілді

26/04/2016

Алматы облысы Еңбекшіқазақ №2 аудандық сот төрағасы Б.Чутанбаев 2016 жылғы бірінші тоқсанының сот төрелігін жүзеге асыру жұмыс қорытындысы бойынша судьялар және сот мамандарының қатысуымен кеңес  өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде сот 12 қылмыстық іс қарады, 8 іс үкім шығарумен қаралған, 3 іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, олардың ішінде 1 іс медиация қолданумен қысқартылды. Көрсетілген кезеңде тергеу судьясы соттың қамауға алуға санкциясы бойынша 3 өтініш қарады.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 105 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.